Ұлы ойшыл Мәшһүр Жүсіп адамның ақыл-ойын билеп алған 3 кедергі түрін көрсетіп кеткен екен. Төртінші кедергіні өзім қостым және оларды ашықтап өтейін.
Бірінші кедергі — адамның желкесінде тұрады. Оны кертартпалық дейді. Мәселен, Мұратбек бір кездері отырып: «Осы мен жалқаулықты қойып, одан да барып ағылшын тілін үйренсем қайтеді» деп ойлайды. Бірақ желкесі: «Мұратбек, қайтесің? Ағылшын оқымай-ақ та адамдар нан тауып жүр ғой. Кейінірек оқи жатарсың» деп ұстап қалады. Сол адамның желкесінен қырық адам ұстап отырады екен дейді Мәшһүр Жүсіп. Содан кейін әрине түк істей алмай қаласың.
Екінші кедергі — жалқаулық. Ол құйрықта болады екен. Мәселен, қолыңа телефонды ал да, әлеуметтік желіде отырып көрші. Орныңнан тұрғызбай қояды, солай ма? Жұмысың көп екенін білесің. Бірақ телефоннан шыға алмай қаласың.
Үшінші кедергі — ұйқышылдық. Бұл дегеніміз күніне 8-9 сағат ұйықтау емес. Кей адамдар болады, үнемі бір нәрсені ойлап, уайымдап жүреді. Бір нәрсе жасауым керек еді деп, құр қиялмен бір шетте ұйықтап жүреді. Кейін ондай жандардың ұйқыдан оянуы қиын болады.
Төртінші кедергі — қорқақтық. Бәлкім араларыңызда кертартпалықтан ада, жалқау емес, ұйықтап жүрмейтін адам бар шығар. Бірақ, бір нәрсе бастарда қорқақтығы ұстап қалуы мүмкін. Ол да бірінші кедергі сияқты жібермей қояды. Сондықтан, бұл кедергінің бәрінен құтылу үшін адам өз-өзіне белгілі бір дәрежеде шектеу қойып отыру керек.
Алдыңа мақсат қой да, жоспар құр. Сол жоспармен әрекет ет. Мәселен, мен қағазға жоспарымды жазып, сол жоспармен жүремін. Ол жоспарымды орындамайынша, мен басқа нәрсеге көңіл аудармаймын. Сондықтан сізге айтарым, адам жаны мен жүрегінің қожайыны болады. Бірақ, тәнің мен ерік-жігеріңе қожайын — Өзің. Осы төрт кедергіден арылмайынша, сіз ешқашан алға жылжи алмайсыз.
Бейсен Құранбектің жазбасынан
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі