Ертеде бір жігіт бай болуды армандапты. Ол бір данышпанға барып:
— Менің бай, дәулетті болғым келеді. Не кеңес бересіз?, — дейді.
— Байлықты не істейсің. Онанда саған ахиретке керек байлық берейін, — дейді. Жігіт қоймайды. Данышпан:
— Қазір ғана бір бай дүние салып еді. Жұрт соған қабір қазып жатыр. Сол көрге бір сағат түсіп шықсаң, байдың бар байлығын саған алып берейін, — дейді. Жігіт қуанып кетіп, шартына келіседі. Данышпан:
— Қорықпайсың ба? — деп сұрайды. Жігіт:
— Ат басындай алтын берсең болды. Бір сағат емес, бір күн жатып шығамын, — дейді.
Данышпан жігітті қазылып жатқан көрге әкеледі. Оны қабірге кірігізіп, жатқызып аузын жақсылап бекітеді. Бір кезде жігіттің шыңғырған дауысы шығады. Жұрттың қабірді ашқаны сол еді, жігіт атып шығып қаша жөнеледі. Данышпан оны әзер тоқтатып:
— Әй, не болды? — дейді. Жігіттің өңі қашып, түрі бозарып кеткен екен.
— Алтыны да құрысын, байлығы да құрысын. Көрде көрген азабымды, тартқан машақатымды сөзбен айтып жеткізе алмаймын, — дейді.
— Не көрдің сонда?
— Көрге түскенім сол еді, жаным көзге көрінді. Қаптаған құрт-құмырсқа, жәндік атаулы жабылып тәнімді шаға бастады. Кенеттен көктен бір Қарыш атты жылан атылып келіп кеудеме қонды. Айыр тілін шығарып шақпақ болды. Бұрын жолда келе жатып, жол шетінде отырған қайыршыға бір үзім нан беріп едім. Сол нан Құдайдың құдыртімен пайда болып маған қалқан болды. Қарыш нанға бата алмай кетіп қалды, — дейді әрең сөзге келіп. Данышпан:
— Не істейін? Ат басындай алтын берейін бе, баюдың жолын үйретейін бе? Жігіт:
— Жоқ, маған тек қайырымдылық жасауды үйретіңіз. Денім сау болса малды өзім-ақ табам, — депті.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
- Джон Максвелл
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі