Өлең, жыр, ақындар

Мен оқытушы

(Жазбалар)

Жылдың август айында маған инспектордан қатынас қағаз келді. Бұл қағазда сол жылғы 15-августан бастап, Ырғыз уезіндегі Толағай болысына қарайтын Кіші құм дейтін жердегі ауылдық мектепке оқытушы болып тағайындалған екем. Сентябрьдің біріне дейін сол ауылға қалайда болса жетуге тиісті болдым.

Бірақ мені кеп ойландырған осы қатынас қағаз болды. Кіші құм Қостанайдан мың шақырымға жуық жер еді. Ал енді, мұның үстіне бұл жердің өзі мен туып ескен ауылдың жері сияқты көк шалғын сулы-нулы жер емес, қызылшағыл, шаңытып, құлазып жатқан байтақ бір белес-белес құм, шөл деп еститінмін.

Менің несібеме әрі шалғайдағы, әрі шөлдегі ауыл тигені көп толғандырды.

Оның толғандыратын да орны бар еді. Әлді адамдардың балалары болыстық мектептерде, жақсы жерлерде орналасып қалып жатқанда, мені Кішіқұмның шеліне айдағалы отыр. Әлде бұған Қаржасовтың суық қолы тиді ме? Болмаса уездік ұлықтың қаһарына ұшырадым ба? Тілмаш болмадың деп, не болысқа песір болмадың, деп, адамды жер аударуға бола ма екен?

Осы хабарды естіген ауыл адамдары да наразы болды. Әкем мен шешем:

— Бармай-ақ қой, шырағым, — дей бастады. Үлкен ағаларым да мақұл көрген жоқ.

1901

— Мың шақырым жердегі шөлге барып қайтесің... — деді Әбжан ағам бір сөзінде, одан да елде бол, бір-екі жыл тынық, дем ал, — деген кеңес берді.

Бірақ осы ақыл-кеңестердің бәріне де ыңғай бермеген Кәмел ағам:

— Осынша оқығанда, ауылға келіп жату үшін оқыған жоқсың ғой. Алыс болса қайтеді? Онда да осы өзіміз сияқты қазақ емес деймісіңдер ? Алыс деп үйде бұғып жатуға болмас, баруың керек Спандияр! — деген ақыл айтты.

Кәп ойландырып, көп толғандырған қыруар ойларды, ақырында, бір ой жеңді. Ол ой — шалғай болса да сол құмның, ішіндегі ауылға баруың керек. Мәдениет шамын сол жерге де барып жақ. Бір кездегі езің сияқты есілдерті оқу болған бірақ сол оқуға қолы жетпей отырған нашарлардың балаларын да оқыт деген ой еді.

Кәмел ағам екеуміз әке-шешемді де, қалған туған-туысқандарды да көндіріп, енді сол Кішіқұмға жүру қамына кірісе бастадық. Мен әуелі Қостанайға соғуым керек. Одан кейін Торғайды басып өтіп, Ырғыз арқылы Кішіқұмға баруым керек.

Үйренген дағдылы әдет бойынша, осы сапарымда да Кәмел ағам мені Қостанайға дейін шығарып салды. Қостанайға келіп керекті оқу құралдарын сатып алдым. Документімді түзеп алған соң ылау жалдап Кішіқұмға тартып кеттім. Бұл менің өмірімдегі тұңғыш рет шеккен алыс сапарым еді. Мен осы сапар үстінде талай хикая естідім, талай уақиғаны да, ел ішіндегі әралуан сорақылықты да көрдім. Оқушыларымды сол кездегі ауылдың жалпы жағдайымен таныстыру үшін бір-екі оқиғаға тоқтап өткім келеді.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз