Ертең оқу басталады деген күні мен ұйықтай алмай шықтым. Өйткені өмірінде орысты көрмеген орысша бір ауыз сөз білмейтін балаларды орысша оқытуым керек. Тым болмаса, езінің ана тілінде сауатын ашқан балалар болса екен-ау. Өз ана тілін білмеген балалар басқа ұлттың тілін қалай меңгермек?
Бір кезде Алтынсарин ауылдық мектепте оқу екі тілде жүргізілуі керек деп оқу құралдарын да жазып, біраз еңбек еткен еді. Оның кезінің тірісінде бірқатар жерлерде екі тілде оқытыла да басталып еді. Бірақ Алтынсарин қайтыс болғаннан кейін бұл басталған жұмыс ілгері қарай дами алмады, кейін мүлдем қазақша оқытылмасын деген ереже шықты. Мұның өзі өте бір қиын жағдай еді.
Тәжрибе деген жоқтың қасы. Өзімнен басқа жөн сұрар, кеңесер, ақылдасар адам тағы да жоқ. Оқу құралы жеткіліксіз, көрнекі құрал мүлдем жоқ. Ауылдағы билеп-төстеуші байлардың, молда, қожалардың іштерінде: «аяғыңды қия басшы, күліңді көкке ұшырайын!» деп бағып отырған жаулар да аз емес. Бірден балаларды үйіріп әкетіп, балалар арқылы олардың ата-аналарының, туысқандарының алдында беделді болуың керек. Осының бәрі оқыту әдісіне байланысты.
Орысша оқимыз, білім аламыз деп келген балалардың тауын шағып, көңілін қалдырып, түңілдіріп те, шошытып та алмау керек. Оқудың алғашқы күнін қалайда көңілді еткізіп, балалар арқылы мектеп туралы да, оқу туралы да, оқытушы туралы да жақсы хабар тарайтын болуы керек. Бұл хабардың өзі балаларды ғана емес, олардың туысқандарын да қызықтыратын бүкіл ауыл адамдарын сүйсіндіретін хабар болуы керек еді. Міне, ұзақ түн осындай ойлармен өтті.
Таң да атып, күн де шықты. Оқу басталатын уақыт та жетті. Мектеп маңына көп адам жиналыпты. Ең алдымен осы жиналған жұртқа құтты болсын айтып, қысқаша сөз сөйлеуге тура келді. Мен оқудың, әсіресе, балаларды орысша оқытудың маңызын баса айттым. Бұдан кейін ел арасындағы топас, тақуа, сопы, молда сияқтылардың, надан адамдардың «балаларды шоқындырады екен орысша оқытып, солдатқа алады екен» деген өтірік есектерін әшкереледім.
Жұрт сөзімді ықлас қойып тыңдап, алғыс айтты. Мектепте балалары оқитын адамдар тарамай қойды. Балаларды тізім бойынша, әрқайсысының, атын атап шақырып, мектепке кіргіздім. Балалар мектептегі үлкен үш дөңгелек үстелді айнала отырды. Олардың біразы астарына тулақ төсеп, қалғандары көрпе төсеп отырды.
Мен балаларға ең алдымен оқу деген не, оқығандағы мақсат не, орысша неге оқимыз, орысша оқудың пайдасы қандай деп, осылар туралы қысқаша түсінік бердім. Түсініктірек болу үшін Ломоносовтың және Ыбырай Алтынсариннің қысқаша өмір баяндарын айтып шықтым.
Одан кейін оқу ретің мектепте қолданылатын тәртіпті, оқу уақыттарын айттым. Тазалық туралы, оқушылардың ұқыпты-құнтты, әдепті, сыпайы болуы туралы қысқа-қысқа түсініктер бердім.
Осылардан кейін Алтынсариннің «Кел, балалар, оқылық» деген өлеңін оқып шығып, балалардан:
— Түсіндіңдер ме? — деп сұрадым.
Балалар үндемеді, бәрінің де қымсынып, жүрексініп отырғанын аңғардым.
— Қайта оқып шығайың — деп, асықпай баппен жақсылап тағы оқып шықтым. Балалар ұйып тыңдап отырды. Кейбіреулері іштерінен маған ілесіп, бірге айтып отырған сияқты. Өлеңнің әрбір шумағының мазмұнын талдап түсіндірген сайын:
«Кел, балалар, оқылық
Оқығанды көңілге
Ықыласпен тоқылық...»
деп өлеңнің қайырмасы қайталап айтып, балалардың сезіміне сіңдіруге тырыстым.
Бір сағатқа жуық уақыт етті. Мен балаларға сыртқа ШЫҒЫП біраз бой жазып келіңдер, қоңырау соққанда қайта кірерсіңдер, деп шығарып жібердім де, біраздан кейін өзім де шықтым. Балалардың ата-аналары, туған-туысқандары әлі тарамаған екен.
Оспан ағай балалардың маңдайынан сипап, күлімсіреп тұр екен мені керді де:
— Балаларым ете риза болып шықты, — деді күліп.
— Не айтады балалар? — дедім мен.
— Сұрама, шырағым! Айтып тауыса алар емес. Қуаныштары қойындарына сыймайды. Өркенің өссін! — деді Оспан ағай.
Осы арада баласын жетектеп бір шал келді.
— Шырағым, — деді шал, — анада осы баланы молдаға қуға бергем. Қартайғанда көрген жалғыз балам еді. Молданы құрғыр сабақ білмейсің деп сабай берген соң, оқудан шығарып алып едім. Қазір сол сіздің алдыңызда болып шыққан еді. Бір ауыз өлең де жаттап алыпты. Жарлының ықылас салғаныңа алла разы болсың қарағым! Көп жаса, әлде болса, қарт кедей ағаңның жалғызына көзіңнің қырын салып, жақсылап оқытқайсың? — деді.
— Қолдан келген іс халықтан аяусыз, ақсақал, — дедім де мектепке кіріп, сәлден кейін қоңырау соқтым. Балалар да кірді.
Тағы да бір сағатқа жуық уақыт әңгіме еткіздім де, ертең белгілі программа бойынша сабақ басталатынын айтып, балаларды таратып жібердім.
Мектеп есігінің түңғыш ашылуы жаман болған жоқ. Алғашқы ұйымдастыру жұмысының өзі де қанағаттанарлықтай шықты еді. Мұның езі мені бір сергітіп тастады. Әлдеқандай ер жігер, күш, сенім пайда болған сияқты.
Мен енді жалғыз емес едім. Бала достарым, Оспан сияқты саналы ағайым, балаларын оқытқысы келіп отырған қамын бұқара бар еді. Сескенер дәнеңе де жоқ екен ғой деген ойға келдім. Дегенмен бір үлкен өкінішім бар еді. Әттең, осы балаларды ең алдымен ана тілінде оқытып сауатын ашып ма еді! Бірақ оған үкімет тарапынан рұқсат жоқ-ты, оқытуға мүмкіншілік те жоқ еді. Себебі қазақ тілін оқытуыма Ыбырай жазып кеткен оқу құралдары ол кез-келген қолға түспейтін. Не істеу керек? Егерде оқу құралын өзім шығып көрсем, сол оқу құралымен оқыта бастасам, қалай болар еді деп те бір ойладым.
- Джон Максвелл
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі