«Үздік педагог-2022» байқауына қатысуға еліміздің әр өңірінен 5 мыңнан астам мұғалім мен тәрбиеші өтінім жолдады. Бүгінгі таңда ең белсенді қатысушылар Алматы мен Ақмола облысынан.
ҚР Оқу-ағарту министрлігінен мәлім еткендей, биыл өтініштерді қабылдау тәртібі автоматтандырылып, ашық өтуде. Өтінімдер саны рекордты көрсеткішке жеткен.
Конкурсқа балабақша, мектеп пен колледждің штатында жұмыс істейтін педагогтер қатысып жатыр.
«Бүгінгі таңда https://teachercontest.iac.kz/ веб-порталында байқаудың бірінші және екінші кезеңіне қатысу үшін 5,5 мыңға жуық мұғалім тіркелді. Екінші, яғни облыстық кезеңге құжат қабылдау жалғасып жатыр. Ол 30 қыркүйекте аяқталады. Биыл байқауға қатысатын әр мұғалім сауалнаманы толтырғаннан кейін байқаудың одан арғы динамикасын бақылай алады, яғни қатысушылардың қай кезеңде екенін, сарапшылар қандай ұпай бергенін бақылай алады. Бұл тәсіл барлық кезеңде байқаудың ашықтығын қамтамасыз етеді», - дейді ҚР Оқу-ағарту министрлігі Орта білім комитетінің төрағасы Гүлмира Кәрімова.
Айта кетейік, «Үздік педагог» байқауының жеңімпаздары 3 млн теңге көлеміндегі ақшалай сыйлықпен және төсбелгімен марапатталады.
Байқау ережелері туралы қосымша ақпарат Оқу-ағарту министрлігінің сайтында бар.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі