Өлең, жыр, ақындар

Журналистің қызметі қаншалықты еркін?

Ең алдымен журналист деген кім? Деген сұраққа жауап алайық.  Журналист - қоғамдық ақпараттық саланың қызметкері болып есептеледі. Ол жаңалықты халыққа таратушы болып табылады. Ол жай ғана хабар жариялаушы адам емес, халық пен биліктің арасындағы көпір. Екі ортадағы елші десекте болады. Билікте болып жатқан өзгерістер мен жаңалықтарды халыққа жеткізуші, ал халықтың наразылығымен қалауын билікке жеткізуші жандар болып табылады.

Журналистің қызметі негізінен өте еркін болып табылады-әлемдік деңгейде. Журналистер өзге мамандық иелерінің кіруіне тиым салынған жерлерге, оңайлықпен кіре алуы әбден мүмкін (мысалы, қылмыс орын алған жер, билік өкілдерімен кездесу, өрт болған жер т. б. ) . Әлемдік журналистика қазіргі кезеңде жақсы дамыған, олар өздері қалаған хабарды жария ете алады, әрі ол хабар өзге адамдарға теріс жағдай алып келетін болсада, шыңдықты ешбір сүзгіден өткізбей еркін жария етеді.

Алайда, бұндай еркіндік барлық мемлекеттерде орнап тұрған жоқ. Осындай сөз еркіндігі орнамаған елдер қатарында өкінішке қарай Қазақстанда бар. Біздің журналистер белгілі бір хабарды жариялар алдын сүзгіден өткізіп, белгілі бір адамдардың келісімімен ғана жарыққа шығара алады ол хабарды. Бұл әрине өкінішті, осы жағдай біздің журналистерге басшылықтың әрі лауазымы жоғары  тұлғалардың ықпалы бар екендігін дәлелдейді. Алайда, бұл жағдайдың ең қызығы журналистердің сөз еркіндігі жайлы заң бар. Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 23 шілдедегі #451 Заңы Бұқаралық ақпарат құралдары туралы ережесінің 2-ші бабы, 1 бөлімінде: "Сөз, шығармашылық бостандығына, өз көзқарастары мен сенiмдерiн баспа арқылы және өзге де нысанда бiлдiруге, ақпараттарды заңда тыйым салынбаған кез келген әдiспен алуға және таратуға Қазақстан Республикасының Конституциясында кепiлдiк берiледi. Цензураға тыйым салынады" делінген. Өкінішке қарай, бұл заңның іс жүзінде ешбір ықпалы жоқ екендігі адамның жанын ауыртады. Қазіргі таңда, журналистердің қызметінде еркіндік жоқ болғанымен, болашақта жастардың, яғни біздің ықпалымызбен бұл еркіндіктің орнайтындығына сенемін.

Бахтиярқызы Гульназ


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз