Өлең, жыр, ақындар

ХАТУ-дағы журналистика

Халықаралық ақпараттық технологиялар университетіндегі бакалавриат білім деңгейінде журналистиканың 4 бағыты мен PR (қоғаммен байланыс) оқу бағдарламасы бар.  Қазір университетте тәжірибелі әрі журналистика саласында бірнеше жыл еңбек еткен, шетелде білім алған профессорлар мен мамандар жұмыс істейді. Басқа жоғарғы оқу орындарынан ерекшелігі заман талабына сай технологиялармен жабдықталған. Сабақ 50% ағылшын тілінде оқытылады.

Журналисттер әлемді қарусыз билеп тұрған тұлғалар. Қай мемлекетте болмасын журналистика маңызды рөл ойнайды. Сол себепті оған сұраныс өте жоғары. Қазақстан тәуелсіздік алғалы бері журналистика қарқынды дамып келеді.

IT журналистика

IT журналистика 4 салаға бөлінеді:

* Телерадио журналистика

* Цифрлық журналистика

* Бизнес & SMM

* Халықаралық журналистика

ХАТУ-да сабақтан бөлек студенттік өмір басқалардан ерекше. Алғашқы күндерден бастап әр студент өзі қалаған клубтарды таңдап,бос уақыттарын көңіл көтерумен өткізеді. Оған әкімшілік барлық жағдайды жасап жатыр. Сол себепті ХАТУ журналистикасының болашағы жарқын екеніне күмәнмен қараудың еш себебі жоқ.

Максат Жумашев

ХАТУ студенті


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз

Басқа да жазбалар

Пікірлер