Осы апта да әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті, журналистика факультеті, Баспасөз және Электронды БАҚ кафедрасының ұйымдастыруымен "Алтын қалам" 1 және 4 курс студенттері қатысуымен салтанатты кеші өтті.
Жылдағы дәстүрлі үрдіс бойынша 1 курс студенттері өз өнерлерін көрсетті.
Бұл шарада Республикалық айтыстардың жеңімпазы Бексұлтан Дарын өз жыр шашуымен шараны ашып, төбе көрсетсе, Мадияр Болысбек қазақтың қара домбырасымен "Әлқисса" күйін нақышына келтіріп орындап, Гүлайна Амангелді Ринат Зайытовтың "Қазақпын мен деп мақтанамын" өлеңін ерекше тебіреніспен оқыды.
Шара барысында Ақпарат және коммуникациялар департаментінің мамандары, деканның ғылыми-инновациялық жұмыс жөніндегі орынбасары Қ.Н.Мысаева, Баспасөз және Электронды БАҚ кафедрасының меңгерушісі Г.С.Сұлтанбаева, кафедра оқытушылары 1 курс студенттеріне жүрекжарды тілектерін тілеп, үлкен үміт артып отқандарынан хабардар етті.
Жаңадан ашылған Фараби театры бұл кештен кенде емес еді. Театр жетекшісі Әлқуат Талғатұлы студенттерге әсер ететін қойылым қойып, сөз соңында "Армандарыңыздан бас тартпаңыздар!"-деп түйіндеді.
Кеш соңында, 4 студенттері Мейіржан Жібек пен Зинешов Жақсылық 1 курс студенттерін қара шаңыраққа қадам басуларымен құттықтап, жазарларыңыз таусылмай, қаламдарыңыз мұқалмасын деген ізгі ниетпен "Алтын қаламды" табыс етті.1 курс студенттері "Алтын қаламды" қабыл алып, білім шыңынан көрінуге, ел игілігі үшін бәсекеге қабілетті маман болып шығуға уәде берді.
Бақберген Нұрай
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Журналистика факультетінің 1 курс студенті
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
- Джон Максвелл
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі