Өлең, жыр, ақындар

Оқушылар Пыштанай батыр ұрпақтарымен кездесті

Атырауда Нұрғиса Тілендиев атындағы кіші өнер академиясының оқушылары «Ертеңін ойлаған ел ерлерін ұмытпайды» атты арнайы ашық сабақта батыр ұрпақтарымен кездесті. Тарих пәні ұстаздарының ұйымдастыруымен өткен келелі кездесуді мектеп басшысы Доларес Тасқарина ізгі тілегімен ашып, меймандарға ескерткіш сыйлықтар табыс етті. Одан соң мектептің дарынды оқушылары өнер көрсетті. Ән, би, күй мен саханалық қойылымдар тамашалаған меймандар ерекше әсерлерімен бөлісті. Пыштанай батырдың ұрпақтары бүгінде баба мұрасын зерттеп жүрген Ғапур Шапатов пен Ибраймбек Төлегенұлы батырдан қалған көне жәдігерлер мен құнды мұраларды оқушыларға таныстырды.

Оқушылар батырдан қалған Ақбикеш мылтығының тіреуіші,оқшантай және жезтынақтың тырнағын көріп таң қалыстарын жасырмады. Аталған жәдігерлер туралы көптеген деректер бар. Ал мектеп ұстаздары аталмыш шараның өтуі оқушылар мен ұстаздарға да ерекше әсер бергенін жасырмады

Осылайша азаттық жолында күрескен батыр бабалардың есімі мен жүріп өткен сара жолын жас ұрпақ жадына сақтаған бір күн болды. Жиын соңында оқушылар жәдігерлермен танысып, суретке түсіп ерекше көңіл-күймен тарқасты.


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз