Өлең, жыр, ақындар

Қазақ Ұлттық Университет - менің арманым

Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті( ҚазҰУ) - Қазақстан Республикасының танымал әрі ерекше жоғары оқу орындарының бірі. Қазіргі таңда ол әлем бойынша 150-орынға ие университет.

Қазақ Ұлттық университет 1934 жылы 15 қаңтарда құрылған. Күні бүгінге дейін беделін түсірмей, оқу жағынан да, өнер жағынан да көш бастап жүр. Университетте 16 факультет пен 86 мамандық бар. Университетте білім беру ісі Болон реформасына сәйкес жүргізіледі, кредиттік оқу жүйесі енгізілген және "бакалавр-магистр-PhD" түрінде үш сатылы мамандар дайындау қамтамасыз етілген.

Мен Абишева Фарида Бақытжанқызы Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетінің 1 курс студентімін. Дәл осы жоғары оқу орнына түскеніме өте қатты қуаныштымын және өкінбеймін. Себебі шексіз мүмкіндіктерге жол ашатын оқу жүйесі, ұмытылмас сәттер сыйлайтын активистік ұйымдар мен толық маман иесі атануыңа септігін тигізетін профессорлар - осында! Ұзақ тарихы бар бұл университеттің ерекшіліктері өте көп. Бұнымен университет қабырғасынан өткен әрбір студент келіседі деп ойлаймын.

Мен бала күнімнен ҚазҰУ-ға түсуді армандадым. Үлкен қалашық пен ештеңеңе тең түспейтін білімі, студенттердің әрдайым дамушы ортада болатыны қызықтырған. Дәл қазір мен армандаған мекенімдемін. Бұл менің - мүмкіндіктер мекенім! Теңестіруге келмейтін, орнын баса алмас жоғары оқу орным. Бұл университетте оқуды үлкен бақ деп білемін. Сол себепті әрбір сәтті дұрыс пайдалана біліп, үлкен белестерге қол жеткізуге тырысамын. Арман болған ҚазҰУ-ым келесі үлкен арманға жол ашқаныңа рақмет! Мақсаттан арманға, арманым жетістікке жетуге шақырамын, жас талап!

Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетінің "Механика-математика" факультетінің "Математика" мамандығының 1 курс студенті Абишева Фарида Бақытжанқызы 

Филология факультетінің аға-оқутышысы С.А. Уразгалиеваның жетекшілігімен    


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз

Пікірлер