Өлең, жыр, ақындар

Менің таңдаулы университетім

Мен,Жаңабай Аружан Түркістан облысынанмын.2022 жылы мектеп бітіріп,сол жылы Ұлттық бірыңғай тестілеуден өтіп,әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетіне түстім.Қазіргі таңда Механика-Математика факультетінің 1 курс студенттік.

Құрылғаны на 88 жыл толған оқу орны өз тарихында көптеген жетістіктерге жетіп,әлемдік аренаға өз орнында көрсете алды.Университет ұжымы көп ұлтты Қазақстанның экономикалық және мәдени өсуіне,саяси-құқықтық өміріне,мәдениетіне ғылым мен білім беретін оқу орындарының биік шыңына айналдырды.Университет көптеген шетелдік ЖОО-лармен бірлесіп жұмыс жасайды.Мұнда оқитын әрбір студент шетелге шығып өз білімдерін жетілдіруге мүмкіндіктері бар.Ректор Түймебаев Жансейіт Қансейітұлы студенттердің жаңа заманға бейімделген лайықты жағдайда білім алып,қолайлы да жарқын өмір сүрулері үшін барлық жағдайдың жасалуына себепші болып жүр.

Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті-адамгершіліктің мың жылдық дәні егілген,жастық шақтың мәңгілік мекені,білімге сусындаған бақытты кезеңіміздің самал лебі есіп тұрған университетім ғой.Шаттығыма шаң жұқтырмай,көкірегімді оятып жүрген ҚазҰУ оқытушыларына дән ризамын.Сол себепті де,мен өзімнің ҚазҰУ-да жүргендігімді өмірімдегі ең үлкен сәттілік деп санаймын.Осы университетте алған білімім кейінгі болашақтағы орнымды сүт бетіндегі қаймақтай іріктеп,шыңырау көкке тартатыны айтпасада белгілі.

Мен Қазақ Ұлттық Университетін таңдағаныма еш өкінбеймін.ҚазҰУ болашаққа деген сенімді арттыратын,мүмкіндіктер мекені! 

Авторы:әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетінің "Механика-Математика" факультетінің "Математика" мамандығының1 курс студенті-Жаңабай Аружан Ағманқызы

Филология факультетінің аға-оқытушысы Уразгалиева С.А. жетекшілігімен


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз