Қазақ ұлттық университеті өзінің негізін 1934 жылы 15 қаңтарда қалағаннан бастап Қазақстандағы білім беру жүйесінің , университеттік дәстүрлердің, кәсіби білікті ғылыми және педагогикалық мектептердің бастау – көзі болды.КазҰУ-дың қабырғасында Қаныш Сәтбаев, Мұхтар Әуезов, Ермұхан Бекмаханұлы, Әлкей Марғұлан, Д.Сокольский тәрізді аса көрнекті ғылым мен мәдениет қайраткерлері дәріс алған болатын. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ – Қазақстандағы жетекші ұлттық көпсалалы жоғары оқу орнының бірі. Бүгінгі таңда ҚазҰУ Қазақстанның және ТМД-ның жоғары оқу орындарының арасында ғана емес, сондай-ақ халықаралық рейтингте де жетекші орынға ие.
Қазіргі кезде университетімізде 16 факультет бар: биология және биотехнология факультеті, журналистика факультеті, география және табиғатты пайдалану факультеті, физика-техникалық факультеті, механика- математика факультеті,халықаралық қатынастар факультеті, шығыстану факультеті, заң факультеті, философия және саясаттану факультеті, химия және химиялық технологиялар факультеті, филология және әдебиеттану және әлем тілдері факультеті, тарих факультеті және экономика және бизнесс жоғары мектебі.
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде білім алу барлық жастардың арманы деп айтсақ қателеспеген болармыз. Кез келген талапкерде ҚазҰУ-ды таңдап, сонда білім алып, оның түлегі атану сияқты арманы болады. Бұл арман кейбір жандарда орындалмай қалатыны өкінішті. Өмірде үш таңдауда қателеспе деген сөз бар қазақ халқымызда. Солардың бірі, бұл – мамандық. Яғни, талапкердің қандай болмасын университетке оқуға түсуіне қарамастан, ең маңыздысы өзі қалаған, жан дүниесіне жақын мамандықты таңдағаны дұрыс деп есептейміз. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-ды таңдаудың көптеген себептері бар. Өз тәжірибемнен сондай себептердің бірнешеуін атап өткім келеді: Білім үш тілде беріледі; Университетке дейінгі бейіндік мектеп және колледж өз жұмысын атқарады; Шетел азаматтарының білім алуына мүмкіндіктер жасалған; Республикалық конкурстар, олимпиадалар, конференция, семинарлар және де т.б. болып өтеді; ҚазҰУ қалашығының табиғаты керемет; Студенттік ұйымдар («Жас Отан», «Сұңқар», «Көмек» және т.б.) мен үйірмелер көп; Үлкен кітапхана және интернет орталығы бар; Студенттерге көмек көрсету орталығы және кинотеатр да бар; Алматы қаласының ішіндегі жеке қалашық. Жоғарыда көрсетілген себептер тізімін жалғастыратын болсам бітпейтін секілді. ҚазҰУ-да студенттердің оқуы мен бос уақытын ұйымдастыру мақсатында көптеген іс-шаралар жүзеге асырылуда. Студенттерден тек қана оқу, өзінше жұмыс жасау, үнемі іздену, қызығушылықтарын үнемі дамытып отыру және т.б. талап етіледі. ҚазҰУ-дың кең есіктері әрқашан талапкерлерге ашық. Үздік оқу орнында оқығанға не жетсін демекші, ҚазҰУ-ды таңдаңыздар!
ҚазҰУ Механика- математика факультетінің "Математика" мамандығының 1 курс студенті
Нұрсадық Қарақат
Филология факультетінің аға оқытушысы Уразгалиева С.А жетекшілігімен
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
- Джон Максвелл
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі