Өлең, жыр, ақындар

Жаһандану жағдайындағы виртуалды мәдениеттің көрінісі

Ғаламдық коммуникативті кеңістік әлемдегі философия, мәдениеттану салаларының ықпалынсыз іске асырылмайды. Жаңа коммуникативті жүйелердің күшті әсерінен «Шынайы виртуалдылық» мәдениеті пайда болды. Виртуалды әлемнің күші адам санасының түрін, рухани әлемді, құндылықтар жүйесін және әлеуметтік қатынастарды өзгертеді. Ақпарат көлемінің ұлғаюы және оның таралу жылдамдығы адамның қоғамға, басқару құрылымдарына тәуелділігін арттырады.

Цифрлық технологиялардың адамның өміріне енуі әлеуметтік-мәдени кеңістіктің ерекше саласының пайда болуына, яғни виртуалды шындықтың жаңа деңгейінің пайда болуына әкелді.

Қазіргі таңда әлеуметтік желілер адамдарға үлкен ықпалын тигізіп отыр. Интернет біздің өміріміздегі шындықтың ажырамас бөлігіне, қазіргі қоғам мәдениетінің бір бөлігіне айналды. Статистикаға сәйкес, жер халқының үштен бірінен астамы интернетті белгілі бір қажеттіліктер үшін пайдаланады. Адамдар көбінде әдемі бейнені немесе бейнежазбаны көріп барлығын дәл сондай деп қабылдайды да, оның арғы жағында не тұрғанына аса үңіле бермейді. Мысал ретінде батыс елдерінің сондай желілер арқылы халық санасына, әсіресе жас, өскелең, елдің болашағы болатын ұрпаққа әсер етуін айтсақ болады.

Бірақ әлемдік мәдени кеңістікте түбегейлі жаңа құрылымдар – әлеуметтік желілер қалыптасуы, ғаламшардағы жаңа – виртуалды – коммуникативті-тіршілік ету ортасын құра отырып, қазіргі заманның жаһандық әлеуметтік-мәдени ландшафтын қайта форматтауда негіз болады. Әлеуметтік желілер негізінде лингвомәдени коммуникативтік қауымдастықтар қалыптасады. Егер дәстүрлі мәдениеттер аумақтық, ұлттық, діни бірлікке негізделген болса, онда интернеттің жаңа цифрлық мәдениеті, ең алдымен, әлеуметтік желілердің техникалық-коммуникативтік ерекшеліктерімен анықталады. Осылайша, технологиялық детерминизм теоретиктерінің (Э.Тоффлер, М. Маклюэн және т. б.) технология мен технологияның дамуы адамдар мен жалпы қоғам өміріндегі түбегейлі өзгерістерді анықтайды деген іргелі постулаты жүзеге асырылады.

Жоғарыда келтірілген ақпараттар бізге бірқатар қорытынды жасауға мүмкіндік береді. Әлеуметтік желілер қоғамның цифрлық мәдениетін қалыптастырудың жетекші факторларының бірі болып табылатындықтан ақпаратты тұтынушыға айтарлықтай әсер ететіндігін көрсетеді. Бірақ қоғамның құндылықты-мәдени трансформациясының динамикасы өте жоғары екенін ескерсек, медиа технологиялар, соның ішінде әлеуметтік желілер, қоғамның жаңа түрін өзгертудің жетекші факторы болып табылады, ал әлеуметтік желілер құрған қоғамның цифрлық мәдениеті бүгінгі таңда цифрлық адамның жаңа түрін қалыптастыру мен дамытудың негізгі факторына айналуда.

Атабаева Ж.Н.
География және табиғатты пайдалану факультеті
4-курс студенті Кудайбергенов С.Е.
Дінтану және мәдениеттану кафедрасының оқытушысы
Әл-Фараби Қазақ ұлттық университеті


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз

Пікірлер