14 қараша күні Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің, Журналистика факультеті, Баспасөз және Электронда БАҚ кафедрасына мобилограф, фотограф Ислам Иманалимен мобилография жайлы шеберлік сағатын өтті.
Ең алдымен, Ислам Иманали өзі жайлы студенттерге ақпарат беріп өтті. Сәйкесінше, "Неге мобилография?" деген сұраққа да жауап алдық.
1. Қарапайым телефон арқылы табыс табуға болады.
2. Шапшаңдық арқылы, тез арада монтаждап өз ақшаңды алып жүре аласың.
3. Камера арқалап, дорбаланып жұрудің қажеті жоқ.
4. Дамушы ортаның арасында болу.
Ислам мырзаның сөзінен аңғарасақ, мобилография ‒ жаңа ғасырда дүниеге келген трендтегі сала. Бұрын адамдар фотоаппарат көмегіне жүгінсе, бүгінде телефон арқылы әр сәтті таспалауға болатындығына да көз жеткіздік.
Шеберлік сағатының барысында, мобилографияның базалық принциптері, камераға настройка жасау, үштік ережесін, кадрдағы пландар және студенттермен бірге практикада жасап уақытты тиімді өткіздік.
Сондай-ақ Ислам Иманали монтажға арналған бірнеше бағдарламаларды атап өтті. Мобилография арқылы қанша табысқа шығуға болады, өзектілігі жөнінде өз тәжірибесіне сүйене отырып, студенттермен пікір алмасты.
Соңында, "Адырна" қоғамдық қорының ұйымдастыруымен шеберлік сағатына қатысқан студенттерге Ислам Иманали сертификат табыстады.
Кино&медиа мамандығының 1 курс студенті Нұрай Бақберген
Жетекшісі: аға оқытушы, куратор Н.Б.Рушанова
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
- Джон Максвелл
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі