2022 жылғы 20 қарашада Қазақстан Республикасы Президентінің кезектен тыс сайлауы өтеді. Ел тарихындағы саяси науқанға дайындық жұмысы қарқынды түрде атқарылып, Президенттікке үміткерлер ұсынылды.
Жалпы өткенге көз салсақ, елімізде 6 рет жалпыхалықтық президент сайлауы өткен. 2005 жылы ғана кезекті Президент сайлауы өтсе, 1991, 1999, 2011, 2015 және 2019 жылдары Қазақстан Республикасының кезектен тыс сайлауында ел Президентін сайлаған болатын. 1991 жылдан бастап ел тізгінін қолына алған Нұрсұлтан Назарбаев 1991 жылы - 98,7%, 1999 жылы - 80%, 2005 жылы - 91%, 2011 жылы - 95,5% дауыс жинаған. Ал, 2019 жылы Нұрсұлтан Назарбаев өз өкілеттігін тоқтататыны жөнінде хабарлап, 9 маусымда кезектен тыс сайлау өтіп, Елбасынан кейін уақытша Қасым-Жомарт Тоқаев 70,96 % дауыс жинап, ҚР Президенті болып сайланды.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев биылғы 1 қыркүйекте елімізге жолдаған " Әділетті мемлекет. Біртұтас ұлт. Берекелі қоғам" атты жолдауында Президентті кезектен тыс сайлау өткізуді және жеті жыл мерзімге бір рет сайлауды ұсынған. "Қазақстан Республикасы Президентінің кезектен тыс сайлауын тағайындау туралы " жарлыққа қол қойып, сайлау мерзімі 2022 жылы 20 қараша болып бекітілген. Сонымен қатар, Президенттікке үміткерлерді ұсыну 23 қыркүйектен басталған.
Сонымен, кандидаттар туралы не білеміз?
ОСК бірінші болып елдің қазіргі президенті Қасым-Жомарт Тоқаевты тіркеді. Оны халықтық коалиция ұсынды, сондай-ақ оның кандидатурасын Amanat, «Ақ жол» және Қазақстан халық партиялары қолдады.
Мейрам Қажыкенді «Аманат» кәсіподақтар одағы ұсынды. Ол 61 жаста, «Қазіргі заманғы қоғамды зерттеу институтының» директоры болып жұмыс істейді.
67 жастағы Жигули Дайрабаевты «Ауыл» партиясы ұсынды. Ол 2022 жылдың жазында «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасы президиумы агроөнеркәсіптік кешен комитетінің төрағасы болып сайланды.
Қарақат Әбденді «Кәсіби әлеуметтік қызметкерлердің ұлттық альянсы» ұсынды. Ол 1974 жылы туған, көп балалы ана, Президент жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссияның мүшесі, Астана қаласы әкімінің әлеуметтік мәселелер жөніндегі штаттан тыс кеңесшісі, елорда қоғамдық кеңесінің мүшесі.
Салтанат Тұрсынбекова сайлауға «Қазақ аналары – дәстүрге жол» қоғамдық бірлестігінің атынан түсті. Ол 56 жаста, Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссия төрағасының орынбасары, Астана қаласы қоғамдық кеңесінің мүшесі.
Оппозициялық кандидат Нұрлан Әуесбаев – Қазақстанның Жалпыұлттық социал-демократиялық партиясының елордадағы филиалының басшысы. Ол 65 жаста.
Мемлекет алдында тұрған ең биік мақсат – еліміздің егемендігін, жеріміздің тұтастығын сақтап қалу. Халықтың әлеуметтік ахуалын арттыра түсу. Еліміздің тарихи бетбұрысында Әділетті Қазақстанды қалыптастыру бәріміздің қасиетті борышымыз. Сондықтан алдағы сайлауда тыс қалмай, ел тағдырын қолына алатын Президентті сайлауға үлес қос.
Кино&медиа мамандығының 1 курс студенті Бақберген Нұрай
Жетекшісі: аға оқытушы, куратор Н.Б.Рушанова
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
- Джон Максвелл
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі