Өлең, жыр, ақындар

Қазақ білімінің қара шаңырағы-ҚазҰУ

Мен Алматы облысы Талғар қаласынан келген студент. Аты жөнім Турдалы Балжан Сырымкызы. Осы жылы ҚазҰУ ға Химия факультетіне грант қа түстім. Жалпы бұл таңдауыма ешқашан өкінбеймін. ҚазҰУ мүмкіндіктер мекені деп бекер айтылмаған. Қаншама оқушы осы университетке түсуді армандады. Көне тарихы бар бұл университетте білім сапасы өте жоғары және ұстаздарымыз білікті маман, өз ісінің шеберлері. Жер аумағына келетін болсақ өте үлкен, кең, әдемі және факультеттер жақсы дамыған. Қандай жыл мезгілі болмасын өз әдемілігін жоғалтқан емес. Студенттерге барлық жағдай жасалған. Өте үлкен кітапханамыз бар қай уақытта болмасын білім нәрімен сусындала аламыз. Тек қазақтар ғана оқымайды, өзге ұлттан келген азаматтар бар. Бір шаңырақ астында бөліп жармай бейбіт түрде оқимыз. Менің мамандығым химия болғандықтан көптеген ғылыми зертханалық жұмыс жасаймыз. Ол үшін бізге қажет барлық құрал жабдықтармен қамтамасыз етілген. Сол себепті университетке түскен студенттердің  болашағы зор. Міне сондықтан ҚазҰУ үлкен жетістіктер мекені.


Талғар қаласынан келген студент Турдалы Балжан
1 курс Химия ҚазҰУ
Аға оқытушы Кайракбаева Гүлназ Солтанқазықызы


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз

Басқа да жазбалар