Өлең, жыр, ақындар

Менің Университетім

Мен Әзиева Шаһризада әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің (ҚазҰУ) Экономика және Бизнес Жоғары Мектебінің 1-ші курс студентімін. Ұлттық Біріңғай Тестілеуден кейінгі маңызды қадамдардың бірі алдағы 4 жылыңды табыстай алатын сенімді университет таңдау. Осы тұста менің таңдауым ҚазҰУ-не түсті. Оқу жылының басталғанына көп болмаса да өз таңдауыма өкінгенім жоқ. Ұлттық университетті таңдай отыра мен өз болашағыма нық сеніммен қарай аламын.

Қазақ Ұлттық Университетінің бірден бір ерекшелігі ҚазҰУ қалашығы болар. Кампустың территориясы өте үлкен әрі әсем табиғатқа ие. Мұнда бас әкімшілік ғимарат, студенттер сарайы, факультет ғимараттары, кітапхана, “Керемет” студенттерге қызмет көрсету орталығы, Спорт кешені және студенттер үйі орналасқан. Осы тұста кітапханамызды атап өтпеске болмас. Бірінші қабатта әл-Фараби музейі және асхана орналасқан. Екінші қабатта кітапхана болса, үшінші қабатта электронды кітап оқуға арналған орын бар. ҚазҰУ-дегі әрбір студент үшін кітапхана есігі әрдайым ашық.

Осы уақытқа дейін қаншама іс-шаралар болса да, қыркүйек айында өткен 1-ші курс студенттеріне арналған “Welcome” кеші ерекше болды. Бұл кешке өз үлесімді қосып үлгердім. Іс-шараға ат салысқаным үшін қуаныштымын және сол кештің көрермені болғанымды айта кетейін. Дайындық барысында кеткен уақыт өміріме жаңа достар әкелді. Қаншама көрермен алдында ҚазҰУ сахнасына шығып өнер көрсету мен үшін жетістік.

Осы мақалам арқылы Қазақ Ұлттық Университетін таңдап, студенттік шақтарыңызды белсенді өткізуге шақырғым келеді.

Орындаған: Әзиева Шаһризада

Жетекшім: Тлеугабылова З. А.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз

Пікірлер