Өлең, жыр, ақындар

Менің студенттік өмірім

Мамандық таңдау жолында мен көп уақыт ойландым. Бір білгенім, менің мамандығым тек ғылыммен байланысты болу керек, себебі дәл тілге менің қырым жоқ болатын. Ата-анам мамандық пен университет таңдауды өз еркіме берді. Жарты жыл бойы мен таныстырымнан қаладағы университеттер туралы, мамандықтар туралы сұрастырып жүрдім. Болашақ мамандығың өміріңнің мәні де сәні болуы тиіс, ол сенің ертең күн көріс көзің болады, сондықтан, оны таңдар алдында ақылға салған жөн. Университет таңдағанда да еш қиналған жоқпын. Нағыз білімді, уақыт сынағынан өткен Әл- Фараби атындағы қазақ ұлттық университетінде ғана алуға болатынына сенімді болдым. Мамандық таңдауда көп ойландым. Интернетке кіріп, көп зерттедім. Содан бір күні, химия факультетінің сайтынан өз көңілімдегі қалауымды таптым, маған сараптама ісі және аналитикалық бақылау қатты ұнайтын, сол себептен осы мамандыққа түсуді қатты қаладым. Ұлттық Біріңғай Тестілеуді тапсырып, Қазақ Ұлттық Университетінің студенті атандым. Қуанышым қойныма сыймады. Ендігі мақсатым өз саламның үздік маманы болу және студенттік өмірімді қызықты өткізу.

Менің ҚазҰУ студенті атанғаныма үш айдың көлемі болса да мен өзіме жақын ортаны, ұйымды және де өзіме ыстық адамдарды таптым. Оның бірі мен қатарына қосылған “Студенттік Compliance” ұйымы. Бұл ұйым енді құрылып жатса да, құрамындағы әр факультеттердің белсенді қыз- жігіттері кеше ғана өткен ең алғашқы жобасыздың өте жоғары деңгейде болуына белсене атсалысты, оның бірі әрине мен. Бұл Compliance ұйымы біздің болашақ жастарымызға жемқорлықпен күресуге жол көрсетеді. Мен де осы аға- әпкелерім секілді дұрыс жолды таңдадым деп сенемін. Ұйымдағы жандармен уақытымыз өте қызықты өтеді, әртүрлі іс- шараларға қатысамыз, жоба жасаудағы дайындығымыздың өзі бізге көптеген естеліктер қалдырады. Мен алдағы төрт жылымды осы өзіме жақын, ыстық жандардың жанында өткізгім келеді.

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ “Химия және химиялық технологиялар” факультеті

1 курс студенті Кабиева Динара

Аға оқытушы Қайрақбаева Г. С. Жетекшілігімен


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз

Басқа да жазбалар