Өлең, жыр, ақындар

«Жаңғыру жолы» атты саяси беделі бар қоғам қайраткерінің жастармен кездесуі өтті

"Жамбыл облысы Тұрар Рысқұлов ауданы әкімдігінің ішкі саясат бөлімі" коммуналдық  мемлекеттік мекемесі мен «Жамбыл облысы «Қазақстан студенттерінің Альянсы» жастар қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен Құлан агротехникалық жоғары колледжінде ағымдағы жылдың 4-қазан күні «Жаңғыру жолы» атты саяси беделі бар қоғам қайраткерінің жастармен кездесуі өтті.

Кездесудің негізгі мақсаты - жастарды парасаттылық пен адамгершілік қасиеттерге баулу арқылы өскелең жас ұрпақтың бойына әділдік пен сенім құндылықтарын сіңіріп, адал еңбек етуге шақыру болып табылады.

Кездесуді «Жамбыл облысы «Қазақстан студенттерінің Альянсы» жастар қоғамдық бірлестігінің төрағасы Мұратбаев Қаныбек Жарылқасынұлы ашып беріп, келесі сөз кезегін Тұрар Рысқұлов ауданы «Әкелер» кеңесінің төрағасы Манғұтов Мырзабек Қарақұлбайұлына берілді. Мырзабек аға жастарға өзінің еңбек жолындағы әр түрлі қиындықтарға жолыққандығын және ең бастысы барлық кезеңдеде адами қасиетті жоғалтып алмауды айтып өтті. Және қазіргі таңда жастар саясатын дамытуға арналған бағдарламалар мен бастамаларды, Мемлекет басшының жастарға деген үлкен сеніммен қарайтындығын атап өтті.

Кездесу соңында студенттермен естелік суретке түсірілді.


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Жазбаға пікір жазуға рұқсат жоқ.


Қарап көріңіз