Өлең, жыр, ақындар

«Сыбайлас жемқорлыққа жол жоқ» атты пікірсайыс турнирі өткізілді

"Жамбыл облысы Тұрар Рысқұлов ауданы әкімдігінің ішкі саясат бөлімі" коммуналдық  мемлекеттік мекемесі мен «Жамбыл облысы «Қазақстан студенттерінің Альянсы» жастар қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен «Қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру («Т.Рысқұлов – адалдық алаңы» жобасын қолдау» әлеуметтік жобасының аясында Тұрар Рысқұлов ауданы, Құлан ауылдық округі, Құлан агротехникалық жоғары колледжінде «Сыбайлас жемқорлыққа жол жоқ» атты пікірсайыс турнирі өткізілді.   

Іс-шараның басты мақсаты - қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілікті көрсететін, сондай-ақ, мемлекеттік қызметтің беделін арттыруды қалыптастыру мен көп тілді меңгерген жастарға көмек көрсету, білікті, тапқыр, ұшқыр ойлы, өз ойын жақсы дәлелдей білетін азаматтар даярлау, отансүйгіштікке, ұлтжандылыққа тәрбиелеуге ықпал ету, пікірсайысшылардың өзара тәжірибе алмасуына, оларды жаңа ұсыныстар мен идеялар қалыптастыруға баулу болып табылады.

Құлан агротехникалық жоғары колледжінде өткізілген «Сыбайлас жемқорлыққа жол жоқ» атты пікірсайыс турнирі барысында алғы сөзді «Жамбыл облысы «Қазақстан студенттерінің Альянсы» ЖҚБ төрағасы Муратбаев Каныбек Жарылқасынұлы сөйледі. Турнир Американдық парламенттік форматы бойынша қазақ тілінде өткізіледі.

Іс-шара қорытындысы бойынша пікірсайысшылар арасынан озып шыққан адамдарды марапаттап, оларға сыйлықтар табыс етілді.

1-орын – «Көз тимесін» фракциясы.

2-орын – «Қызыл жебе» фракциясы.

3-орын – «Феникс» фракциясы.

Іс-шараға жалпы саны 12 команда қатысты.


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Жазбаға пікір жазуға рұқсат жоқ.


Қарап көріңіз