Өлең, жыр, ақындар

Кітап неге қызықсыз?

Кітап - білімнің бастауы

Әр адам баласы өмірінде өзіне жақын кітапты тауып, оқи білуі керек. Білімнің бастауы-кітапта. Әр адам рухани байыймын десе, кітап оқып-ақ биік белестерді бағындыруға болады. Кітап оқу арқылы алдымен өзіңді бағындырасын, кітап сені бағындырады.Сосын, сен әлемді бағындырасын.Кітап оқу арқылы сен өзінді дамытып, табиғатты сүйіп, рухани дами бастайсың.

Тынысың ашылып, рухын кеңейеді.

Кітап оқу – жадыны және ойлауды дамытады. Яғни, көп оқыған адам жады мықты, тез ойлап, тез қорыта алады. Адамдармен дұрыс қарым-қатынас жасауға үйретіп, әдемі сөйлеу дағдыларын қалыптастырады.Сонымен қоса, сөздік қорын дамып. Кімге қалай сөйлеу керектігін біле бастайсың.

Кітап- адам бойындағы бұғып жататын шығармашылық қабілеттерді дамытады. 

Өзіннің кім екеніңді танып, құпия өнерлерін ашыла бастайды.

Қазір көбісі кітап оқығанды қызықсыз көріп, оқығысы келмей жатады. Бірақ, бұл да телефон сияқты, айфонмен көп жүрген адам андроидты ұстай алмай қалады ғой. Сол сияқты кітапты бір оқып, дәміне кіріп алған адам, кітапсыз ұзақ уақыт жүре алмайды.

Кітапты оқымаймын, оқығым келмейді деу дұрыс емес. Себебі, әр адамның бойында кітапқа деген сүйіспеншілік бұғып жатады.Ол сен өзіннің кітабынды тапқанда ғана ашылып, сыртқа шығады.

Бір кітап оқу арқылы сен бүкіл өміріңді өзгерте аласың. Ал, сол өміріңді өзгертетін кітапты табу үшін, 100 кітап оқу керексің..

Кітапқа деген ойыңды өзгертіп, шағын әңгімеден кітапқа деген  жолынды бастап көруіне болады.

Сізге неге кітап қызықсыз болып көрінуі мүмкін?

Себебі, сіз өзіңіздің тақырыбыныздағы кітапты оқымайсыз.

Мысалы, ата-анамен арақатынасыңыз дұрыс болмаса, діни, ата-ана туралы, отбасы, сыйластық туралы кітаптарды оқуыңыз керек.Сол кезде, жай кітаа оқып қана қоймай, миыңыздағы сан сауалға шешім табасыз.

Бизнес бастағыңыз келсе, миллионерлердің, бизнесмендердің, өнертапқыштардың өмірбаяның, өмірден алынған оқиғаларын оқысаңыз болады.

Мотивация беретін, жігерлендіретін кітаптар да тәуекелшіл адамға керек-ақ.

Солай, жан-жарыңыз, ата-енеңіз, достарыңыз арасындағы қарым-қатынастың бәрі де тағылымы биік кітапта жазылған.

Сізден тек оқып бастау ғана керек, болғаны…

Көрінген кітапты оқи берген жарамайды, көңілде туған сауалдарға жауап бере алатын кітаптарды оқыған абзал.

Лев Толстой

-, деп орыстың ойшылы атап өткендей кітап таңдағанда ақылмен ойланып таңдауымыз керек.

Алиева Аружан Мұстафақызы


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз