Өлең, жыр, ақындар

Әдет туралы

Жалпы, әдет деген ұғым адам баласының күнде қайталайтын істерінің жиынтығы болып табылады. Бір істі күнде істеу арқылы сен оны әдетке айналдырсың. Сосын қалай еріксіз, ойланбай сол істі істегенінді білмей де қаласың. Адам бір істі әдетке айналдыру үшін 21 күн шыдаса болды екен. Әрине, бұл жақсы әдет жайында. Ал, жаман әдетт үйрену оңай. Оған арнайы уақыт керек емес, сол себепті де  жаман әдет жұқпалы деген рас. .

21 күннен кейін адамның еті үйреніп, саналы түрде ол істі әдет қылып қабылдайды. Жақсы нәрсеге әдеттенсен өмірің түбегейлі өзгереді. Оған Шәкәрім Құдайбердіұлының мына бір нақыл сөзі дәлел болмақ. “Сөзіңді түзе - әдетіңе айналады, Әдетің - мінезіңе айналады. Мінезің - сенің тағдырың. ”

“Нәпсі, өзімшілдік пен мақтан шексіз көп жаман әдеттер туғызады.  “

Мінез де әдеттен құралатының көп ойлана бермейміз, бірақ бұл ақиқат.

Адам мінезі деп – мен оның моральдық әдеттерінің жиынтығын айтамын.

Әдет-мінезге, мінез-өмірге әсер етеді. Біздің әр іс-қимылымыз біздің көрсеткішіміз, болашағымыз.

Ал, мен сізге қарапайым, бірақ керек деген жеңіл әдеттер қатарын көрсетемін. Олар:

  • ерте тұру таңда несібе бар)
  • күніне 2л су ішу
  • зиянды заттарды тұтынбау
  • сөзіңді ойланып айту
  • ұйқы режимін сақтау
  • кітап оқу
  • өзіңізге уақыт арнау

Қарапайым, бірақ өміріңізге қажетті деген әдеттер. Өміріңізді өзгертетін әрекеттер.

Алиева Аружан Мұстафақызы


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз