Менің өмірімнің жаңа бастауы Алматы қаласынан басталды. Барлық жастар секілді арман қуып, Әл - Фараби ұлттық университетіне оқуға түстім. Оқу орны керемет әсер бергендей, студенттер қалашығы деп айтатындай жастардың ортасы. Оқу әрине қиын! “Еңбектенсең жетерсін мұратқа”, - дегендей уақытымның көбі сабақ оқуға кетеді. Көптеген өзіме дос таптым, салармен бірлігіп, ақылдасып дайындаламыз. Мектеп оқушысы болған кезімде үйдің кенжесі болғасың көп жұмсамайтын шаруа жасауға. Ал енді тамақ пісіру, үй жинау, киімдерді тазалау бәрі өзімнің міндетім. Алматы үлкен қала, ауа-райы да менің туған жерімнен өзгеше. Бастапқыда үйренісе алмай жүрдім, қан қысымым көтеріліп, басым ауырды. Дәрігерге қаралып, берген емін қабылдадым. Ата-анам маған сенімін артқан соң қиындықты жеңемін деп алдыма мақсат қойдым. Қосымша тіл үйрену курсына жазылдым. Кино, театрға бару арқылы дүниетанымымды кеңейтуге талпынудамын. Алматыда халық көп әрбірі тек өздері үшін әрекет етуде. Мен де сол қозғалыстың бір мүшесі ретінде өмір сүріп жатырмын. Бастысы қиыншылықты жеңе білу керек.
Гумарова Эльдана
ҚазҰУ Химия және химиялық технология факультетінің 1 курс студенті
Жетекші: Қайрақбаева Г. С.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі