Өлең, жыр, ақындар

Президент күні тойланбайды!

Тұңғыш Президент күнін неге алып тастады?

Қазақта дуалы сөз бар: Бар бәле-жала осымен кетсін деген. Соңғы уақытта осы сөз тура мағынасында трендте. Әсіресе билік басындағылар топ деңгейде қатардан озбаса, қалған емес. Неге отыз жыл үндемеген Үкімет «Елбасы» статусы айырылған сәттен сайрай жөнелді? Әлде экс-президент шынымен Қазақстанды қорқынышта ұстап келдіме?

Қазақта қайтқан әруаққа да тыныштық береді. Ал қазақстандықтар орнын босатқан адамның көзі тірісінде абыройын жер қылғаны тағы бар. Статустан бір айырды, басында Астанамызды да қиып жіберген едік, содан кейін ойымыз өзгеріп шыға келді. Атау ауыстырғанға жаны құмар елміз. Одан басқа ойлайтын дымымыз жоқ.

Міне, Жаңа Қазақстан деген сайын Қазақстандықтар тіпті үйіне дейін жаңалап жатыр екен. Киген киімі, ішерге асы мен мінерге көлігіне дейін ауыстырып жатқандар да жетіп артылады. Неге деген сауалды қойсаң, Жаңа Қазақстан деп жауап береді. Құдды бір ақырзаман болып, жаңа дәуір орнайтындай дайындалғаны.

Өзі қыстың алғашқы күні демалатын едік, ол күні айтулы оқиғалар болып тұратын. Ал қазір жоқ. Себебі, лайық емес. Неге? Лайық емес. Отыз жыл ел басқарды, елді тонады. Әр қазақстандағы әр тұрғынның қалтасынан жекелеп отырып, санап тұрып жеген екен. Көз аштығы сондай, бірде біреуге жер бермей Қытай мен Орысқа паршалап берген, барлығын сатқан. Жақсы, ендеше сіз саясаттың адамы емессіз. Нағыз көзі ашылмаған жандар қатарынансыз.

Мемлекеттің ең басты байлығы – халық. Білімі, экономикасы бәрі бәрі мына халыққа байланады. Қарапайым Өзбекстан осы жақын жылда ұшатын көлік жолдарын салатын болады. Ал Қазақстандықтар, бір күндік мерекеге петиция жариялап, көшенің атын ауыстырумен әлек болады.

Аңқау елге – арамза молда. Жұрт арамза молдаға ғана назар аударады. Бірақ негізгі ракурс «АҢҚАУ ЕЛ». Ел аңқау болса, кім көрінген төріне шығып, төсегінде билейтіні анық.

Енді нақты сұрақтың жауабы: Қара халықтың бар ақылы тек мереке мен көше, қала ауыстыруға ғана жетеді. Талаптары жоғары, бірақ берер заттарымен айырмасы жер мен көктей. Халықтың жартысына жетер жетпесі ғана салық төлейді. Қалғаны неге төлемейді: Біреулер жәрдемақы алады, біреулер жұмыссыз. Неге жұмыссыз? Себебі креслода отырғысы келеді. АЛ оған кадр аз.

Осы отыз жыл ішінде шегара арасында бірде бір соғыс болған жоқ. Сол ненің арқасы? Осыны сараптап ойланып көріп, түбін қазып көріңіз. СОнда мен қойған сауалдың жауабын табарыңыз анық.


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз