Президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлының Қазақстан халқына жолдауын жастар арасында талқылау
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Жаңа Қазақстан: жаңару мен жаңғыру жолы» атты Қазақстан халқына жолдауы бойынша философия және саясаттану факультеті, дінтану және мәдениеттану кафедрасының оқытушы-профессорлар құрамымен бірге талқылап, Президентіміздің пайымын жоғары бағалады. Қасым-Жомарт Кемелұлы еліміздің саяси жүйесін кешенді жаңғырту бағдарламасын ұсынды және бұл құжат ең алдымен қоғамның қажеттілігіне, сұранысына негізделгенін атап өтті. Қоғамның дамуын негізге ала отырып, ұлттық, мәдени құндылықтарды да алға қойды. Осылайша, елдің көркеюіне барынша үлес қосу әрбір қазақстандықтың борышы болып табылады. Жолдаудың негізгі бөлігі елдің әлеуметтік-экономикалық дамуына арналған. Атап айтқанда келесі мәселерледі қолға алу жоспарлануда:
- Жалақыны және әл-ауқатты арттыру; 2022 жылғы 1 қаңтардан бастап ең төменгі жалақы мөлшерін (ЕТЖ) 60 мың теңгеге дейін көбейту болды. Бұрын 42 500 теңгені құраған бұл көрсеткіш 2018 жылдан бері өспеген.
- Зейнетақы жинақтарын тиімді пайдалануды жақсарту; Жолдау аясында азаматтарды қолдау шараларын жүзеге асыру туралы айта отырып, зейнетақы жинақтарының бір бөлігін (ең төменгі жеткіліктілік шегінен жоғары) «Отбасы банк» АҚ-дағы шоттарға аударуға және кейіннен тұрғын үй сатып алуға құқық беру сияқты маңызды қадамды атап өту керек.
- Дарынды балаларды және жалпы білім беру саласын қолдау; Мемлекет басшысы өз сөзінде елімізде адами капиталды дамыту қажеттігіне, соның ішінде білім беру саласын нығайтуға үнемі назар аударып келеді. Атап айтқанда, жалпы білім беретін пәндер бойынша халықаралық пәндік олимпиадалардың, шығармашылық конкурстар мен спорт жарыстарының жеңімпаздары мен жүлдегерлерін қолдауға бағытталған заңнамалық өзгерістер енгізілді. Енді олар конкурсқа қатыспай-ақ, жоғары оқу орнына түсу үшін грант ала алады (жыл сайын 16 негізгі бағыт бойынша 80 жүлдегер).
- Бизнесті қолдау; Елеулі экономикалық әсері мен кәсіпкерлер арасындағы жоғары сұранысты ескере отырып, Мемлекет басшысы «Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасының қолданылуын ұзарту туралы шешім қабылдады, оның аясында тауар өндірушілер жеңілдікпен несие ала алады. Оны қаржыландыру 1 трлн теңгеге дейін ұлғайтылды.
- Инфрақұрылымды жаңғырту және салу; Президент өз сөзінде экология және ел тұрғындарын сумен қамтамасыз ету мәселелеріне үнемі назар аударады. Сондай-ақ Президент стратегиялық инвесторлармен бірлесіп еліміздің түрлі өңірлерінде кемінде 2 400 МВт жаңартылатын энергетика қуатын іске қосу міндетін қойды. Бұл бағыттағы жұмыс 2025 жылға дейін жүреді, қазірдің өзінде 715 МВт қуаттылық іске қосылды.
Міне, Жолдауда осындай көкейге үміт ұялатып, құлшынысты арттырарлықтай маңызды басымдықтар айтылды, жаңа міндеттер жүктелді. Ендігі жерде Жолдауда айтылған әр тапсырманың жүйелі жүзеге асуына атасылысып ел болашағын бірге құру өз қолымызда.
Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті
«Дінтану және мәдениеттану» кафедрасы
Дінтану мамандығының 2-курс магистранты
Кеңес Әнуар Алмасұлы
- Джон Максвелл
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі