Айшылық алыс жерлерді, түн жарымға жетпей жеткізетін көліктер. Көлік - өміріміздің бір бөлшегі. Солайша, жайсыз көліктер халықтың өмірін әрине нашарлататыны айдан анық, судан тұнық. Бұған төбе жұрт қанықпа?
Жол талғамайтын ерекше көліктермен жүріп үйренген атқамінер ағаларымыздың басы бұл кішігірім мәселені емес, одан үлкен мәселелерді шешіп үйренген. Оған айып жоқ. Бірақ, арамыздан суырылып ел мұңын тыныш, әрі шулатпай жеткізу бізге хақ. Себебі бар мәселе шешіледі, шешімін табады. Ебін тауып, жөнге салу ақылды жандар ісі.
Облыстық қоғамдық көліктер адами тұрғыда мініске сай емес. Санитарлы, техникалық, жалпы бүкіләлемдік (Африка құрлығын қоспағанда) стандарттан мақрұм. Бүгін бір азаматша маршрутканың есігінен жылдамдығы 65 км жүрісте құлап кете жаздады. Куәгер мен азаматшаны ұстап қалдым. Әйтпегенде жазым болар ма еді.
Мәселе ескі маршруткалар. Тежегіш те, сүйкенетін темірі, отыратын орындық жалпы маршрутка қауіпті. Бір әйел кісі темірге сүйкенгенде темірдің өзін сүйеу керек екендігін түсінді. Ал бір азамат қабырғасын сындырып алған жағдайлар да болды.
Құрметті басшылық осы мәселені хабарсыз қалдырмауларыңызды өтініп сұраймын. Себебі бұл - ел мұңы.
Алаш-Омар Асқарұлы
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
- Джон Максвелл
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі