Тәуелсіздік алғалы көптеген қиындықты бастан кештік, қиыншылықтың бәрін артқа тастап осы бүгінгі күнімізге жеттік дегенмен 2022 жыл бізге қуанышпен келген жоқ. Осы жыл қазақ жеріне дүрбелеңмен келді. Бейбіт шерулермен басталып, ақыры қантөгіспен аяқталған «Қасіретті қаңтар» қоғамда жылдар бойы мазалаған ашындырған кемшіліктерді, өзекті мәселелерді ашып көрсеті сонымен қатар арамызда арандатушылар бар екені де байқалды. Қасіретті қаңтар оқиғалары мен одан кейінгі төтенше жағдай кезінде түрлі құқық бұзушылықтар жасағаны үшін екі мыңға жуық адам ұсталды деген ақпарат бар. Президентіміз Бас прокуратураға олардың қандай кінәсі барын анықтауды және ауыр қылмысы болмаса, жазасын жеңілдетуді тапсырды. Соның нәтижесінде көптеген азаматтар қамаудан босатылды. Ал, нағыз қылмыс жасаған адамдар заң алдында толығымен жауап берді, себебі арандатушыларға жеңілдік жасау – жазықсыз құрбан болған жандардың аруағын сыйламау болып табылады. Бірақ осы жағдай халық пен өкімет арасын жақындатып сенім білдіру сезімін оятқандай болды. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Мәжілісте сөйлеген сөзінде «Халқымыз үшін тәуелсіздік бәрінен қымбат. Жаңа Қазақстанды бірге құрайық», деп үндеу тастағаны белгілі. Осы орайда, Президент айтқан жаңа Қазақстан қандай болуы керек? Еліміз дамудың қандай бағытын ұстанғаны жөн? Жеріміздің қауіпсіздігін сақтап, халықтың әлауқатын қалай көтереміз? - деген сұрақтар барлығымызды мазалайтыны анық. Осы сұрақтарға өз көзқарасымыздан жауап берсек. Ең бірінші маңызды сұрақ ол Қазақстан қандай болуы керек? Әділетті, ауызбіршілігі мықты қоғам құру және экономикалық, әлеуметтік ахуалы тұрақты егеменді ел болу керек деп санаймыз.
Еліміз дамудың қандай бағытын ұстанғаны жөн?
Жаңа Қазақстанда авторитарлық саяси жүйе емес, демократиялық саяси жүйе басым болуы қажет деп ойлаймыз. Елдегі сөз бостандығы мен митинг өткізу еркіндігі болса, себебі саясат ашық болған кезде халықтың мемлекетке деген сенімі артады. Сондай-ақ қоғамдық ұйымдардың жұмысына шектеудің азайғаны жөн. Жалпы, мемлекеттік емес ұйымдардан бөлек, жалпы қоғамдық бірлестіктерге қатысты заңды түрде шектеулер өте көп соның азайғаны жөн болар еді. Саяси партияларға да қатысты түрлі шектеуді алып тастап оппозиция дамуына мүмкіндік берілсе. Оппозиция болған жерде бәсекелестік болады ал бәсекелестік бар жерде адал академиялық жүйе орнайды деп санаймыз, себебі үкімет халыққа қызмет етіп әлеуметтік жағдай мәселелері тез шешімін табауып беретін ба еді деген ойға келеміз.
Жеріміздің қауіпсіздігін сақтап, халықтың әлауқатын қалай көтереміз?
Бұл сұрақтардың жауабын Президентіміз Қасым Жомарт Тоқаев берді десек те болады, себебі осы жылы істеген іс-әрекетінің бәрі жерімізді қорғауға арналды. Халықтың әлеуметтік жағайында ақырындап көтеріп, экономиканы түзеп келе жатқаны айқын байқалады. Осымен ойымды көпшіліктің қолы ұзын деген халық даналығымен аяқтақым келеді бәріміз бірге жұмыла еңбектенсек, академиялық адалдықты сақтасақ бірге Жаңа Қазақстанға аяқ басамыз.
Мәсімжан Аяна Тілеубердіқызы
Ғылыми жетекші:аға оқытушы Қайрақбаева Гүлназ Солтанқазықызы
- Джон Максвелл
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі