Өлең, жыр, ақындар

Діннің бала тәрбиесіндегі орны

Тәрбие - тұлғаның қалыптасуын жүйелейтін, қалыптасуы үшін атқарылатын мақсатты процесс. Бұл процесс өмір бойы үздіксіз жүріп отырады, адаммен бірге өсіп дамиды. Күрделі де ұзақ жүйе адам бойында, әрекет, өзін-өзі ұстау, мінез нормаларын қамтамасыз етеді. Қазақы тәлім-тәрбиенің өзі, тарих тағылымдары арқылы, ата-баба дәстүрі заман сабақтастығымен қанға сіңген қасиет. Қазақ балаларының тәрбиесі ортақ ел-жұртқа тиесілі болған. Төле би бабамыз айтып кеткендей:

Бір үйдің баласы болма,
Көп үйдің санасы бол.
Бір елдің атасы болма,
Бар елдің данасы бол.
Атадан ұл туса игі,
Ата жолын қуса игі.
Өзіне келер ұятын,

Өзі біліп тұрса игі,- деп, отбасында сәби дүниеге келсе оны бүкіл ел болып қарсы алып, өскенше көз қарашықтарындай өсіріп, тәрбиелеген. Бір үйдің тентегі , бүкіл ел-жұрт, ауыл бейнесі болған.  Әр бала тәрбиесіне ел болып жауап берген. Қызының-ұятын, ерінің-намасын басты орынға қойған. Ата-ана , әжеден тәлім-тәрбие алып, батыр ерлігін, дана-шешен сөздерін естіп өсіп, рухани азық жинаған. Тәлім-тәрбие, салт-сана, жыр-дастан, аңыз-әңгіме, ырым-тиым арқылы сусындап өскен қазақы ұрпақ, тұрмыс-тіршілігімен біте қайнасып жатқан ділі мен діні арқылы да ұрпақ тәрбиелеген. Дін - адам тарихының үлкен тағылым, тәрбиесінің бірі және сарқылмас даналық көзі. Дін қазақы өмірмен бір ортаға жиысып, сіңісіп кеткен ата-баба ұстанған ислам дінін алып қарасақ болады. Дін адамдарды тек жақсылықтарға бастайды, адамгершілік құндылықтарын ашып, жүрекке иман ұялатады. Иманды жан ешқашан жамандыққа аяқ баспайтыны белгілі. Ата-бабаларымыз ауыздарынан Алланы тастамай, жүректерін тек иманға арнап, мәдениет, тіл, дін, өнер, салт-дәстүр, ырым-тиымдарын, тіршіліктерінің барлығын дінмен байланыстырған. Адамның асыл қасиеттері көркем мінез, адалдық, мейірімділік, жылы сөз, жақсылық, ерлік, қайырымдылық жаза берсен жіптей тізілетін адами құндылықтарды жинақтаушы, әр адам бойынан табылуына мүмкіншілік жасаушы осы дін болып табылады. Жүрекке иманды ұялатып адамды тек жақсы істерге баулиды. Дін адамды тек өзі үшін ғана емес, қоршаған орта, қоғам үшін де жақсы адам болуға шақырады. Адам тиыштығы қоғам тиыштығы, қоғам тиыштығы ел тиыштығы. Дін адамды азып тозудан сақтайды, асып тасудан қорғап, білім мен ғылымға жігерлендіреді.

Адамның жүріс-тұрысы, адамдармен қарым-қатынасы, мінез-құлқы, сөйлеу мәнері барлығы да адами құндылықтары мен тәрбиесіне тікелей байланысты. Ал, тәрбие, шақалақ көзін ашқаннан бастау алады, санасы дами бастағаннан бастап, өмірлік қағидаттары қалыптасады. Адамның тұлға болып қалыптасуында тәрбие басты міндет атқарады. Тәрбие бастауы отбасы, үй іші. Қоршаған ортадағы адамдар қалай болса ұрпақта солай қарай бой түзейді. Бой түзеу көріп ортырғанымыздай отбасынан басталады. Отбасында бала ер жетіп, тәрбие алады, жанұя атты шағын ғана мемлекетте дамып, болашақ үлкен өмірге үйреніседі. Сол үшін өмірлерінде әдеп-инабат өлшемдерінің терең тамырланып, қең жайылуында отбасының маңызы орасан зор. Отбасы - адамзаттың алтын діңгегі іспеттес, оның ұрпаққа деген ықпалын өмірдегі ешбір күшпен салыстыруға болмайды. Тәрбие ең басынан отбасында дұрыс қалыптаспаса адамға қиындық тудырады, алайда адам дамуы үшін бүгін-ертең қажет емес тура қазірден бастаған дұрыс. Білім алып, жаңалыққа құштарлық, өзіңді дамыту, имандылыққа бет бұру секілді адамды тек жақсы жаққа жетелейтін құндылықтарды бойымызға сіңіре білуіміз керек. Тәрбие - адам өмірі, болашағы, адамның бет бейнесі. Адамзат баласын өзге жаратылыстан ажыратып, өзінің осы жаратылған барша жаратылыстың қожасы екенін, бірақ сол үшін осы әлемнің иесі алдында жауапты екендігін сезіндіретін нәрсе – дін екенін ұғынып, дінімізді, тілімізді, дәстүр, салтымызды адами құндылықтарымызды дамыту үшін қолданып жақсы өмір сүруге тырысайық.

Меліс Диана (Дінтанушы)


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз