Өлең, жыр, ақындар

“Француз хабаршысы” фильмі

«Француз хабаршысы» Уэс Андерсон 2021 жылы түсірген комедия жанрындағы фильм. Аталмыш режиссер соңғы туындысында бұқаралық ақпарат құралдарының жұмыс ерекшеліктерін саралайды. Фильм «New york times» журналының көркем эстетикасымен шабыттанған. 

Туынды 3 оқиғаны қамтиды. Бірінші оқиға түрмедегі шизоид суретші өмірін көрсетеді. Басты кейіпкер бай, ауқатты отбасыдан шыққанымен, өмірінің жасөспірім кезеңінде жалғыздық жолын таңдайды. Себебі ол өз өмірлік жолы мен принциптеріне адал болуға ұмтылады. Бір күні Мозес бұзақылардың әлсіз жанға тиісіп жатқанын көріп, оларды аса қатты қатігездікпен өлтіреді. Ол психопат, ал ондай адамдардың өнері саналарына сәйкес ерекше болады. Оның суреттері бір өнертанушы арқасында бүкіл әлемді тамсандырады. Мозес Розенталер мәңгілікке бостандықсыз, тұтқындалған генийге айналады. 

Екінші оқиға Франциядағы жастар революциясын саралайды. Жастар үлкендердің барлығын тыйым салуларымен әбден тойды, олар нағыз бостандықты қалайды. Сондықтан белсенді студенттер бейбіт шерулер жасап, манифест айтып, басшылыққа қарсы шығады. Осы оқиға жасөспірім мен үлкендер бір-бірін жек көрсе, бір ортақ келісімге келмесе, соңында үлкен апат болатынын көрсетеді. Бұл соғыс ештеңе алып келмейді. Сондықтан екі ұрпақ бір-бірін тыңдап үйрену керек! Сонда ғана халықты мазалайтын мәселелерді шешуге жол табылады.

Үшінші оқиға мигрант аспаздың өміріне шолу жасайды. Оқиға шиеленісі - аспаз жұмыс атқаратын тұлғаның баласының ұрлануы. Баланы сақтап қалу үшін лейтенант өлім мен өмір арасында өмірге әрең ілігеді. Ол оянғанда, өзін басқа елде ешқашан тұлға ретінде сезінбегенін айтады. Өз еліңнен кетіп, жоғалтқаныңда мәңгілік іздейсің. Бірақ өзіңнің кішкентай кеңістігіңнен шықпасаң, жаңа заттарды қалай зерттейсің? Мигранттың жүрегі әрқашан жалғыздық сезінеді, бірақ ол өз жолын қуалаған соң, үлкен белестерді әлемнің барлық жерлерінен іздеуі міндет. 

Қорытындылай келсек, фильмнің структурасы өте шашыраңқы, әркімге ұнауы мүмкін емес. Бірақ ерекше сезімдерді іздеп жүрген адамдарға осы туынды ұнайды деген сенімдемін.

Төлепберген Айһаным


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз