Өлең, жыр, ақындар

Никола Тесланың өмірінен қызықты деректер мен фотосуреттер

Никола Тесла

Никола Тесла (1856-1943)

Оны әлемнің патшасы, найзағайды бағындырушы және тіпті ең биік сананың иесі деп атайтын. Оның есімі әрбір саналы мектеп оқушысына мәлім, алайда ғалымның өзінің және зертханасының бірқатар суреттері сақталғанын көбі біле бермейді. 
Бұған қоса, оның жартылай аңыз тұлғасының төңірегінде көптеген қауесет, аңыз бен әзіл әңгіме жүр. 

 

1) Никола Тесла 1856 жылы шілденің 9-нан 10-на қараған түні қатты найзағай болғанда туылған. Отбасылық наным-сенімге байланысты, босандырып алған кіндік шеше найзағайды жамандыққа болжаған. Ол шақалақ қара түнектің баласы болатынын айтады, бірақ анасы оған қарсы шығып: «Жоқ, ол күн сәулесінің баласы болады» дейді. 

Никола Тесла электр лампасымен

Никола Тесла электр лампасымен

 

2) Тесланың биографы Бернард Карлсонның айтуынша, ғалым тамаша интеллектке ие болса да, идеяларды іске асыруға жоқ еді. Трансатлантикалық радионы жасап шығаруға байланысты жарыс кезінде, Тесла өзінің демеушісі мен іскерлік серігі Дж.П. Морганға лезде байланыс жасаудың жаңа тәсілін баяндайды. Оның мәні, биржадағы баға белгілеулер мен телеграммалар оның зертханасына қайта бағытталады да, ал ол болса оларды кодтап, әрқайсына жаңа желі тағайындап отырады. Кейін, Тесланың түсіндіруі бойынша, хабарламалар бір қолға сиятын құрылғыға таратылады. Басқаша айтқанда, ол мобильді байланыс пен Интернеттің нобайын келтірген. 
«Ол ақпаратты жеке адамға жіберу жайлы бірінші болып ойлаған», - деп жазады Карлсон. Сонымен қатар Тесла радиолокатор, рентген, сәулелік қару мен радиоастрономия жайлы идеяларды ойлап тапқанымен, іске асырмаған. 

Никола Тесла өзінің лаборотриясында

Никола Тесла өзінің лаборотриясында

 

3) Эксцентрик Тесла жайлы көп таралған аңыздың бірінде, ол өзінің манхэттендік зертханасында жер сілкіндіретін машина құрастырған делінеді. Ол ғалымның бір сынағында бүкіл бір ауданды қирата жаздаған. 
Негізінде, Тесланың құрылғысы жер сілкіндіретін машина емес, жоғары жиілікті механикалық осциллятор болған. Платформаның астында орналасқан поршень, оны қатты дірілдеткен.
Бірде Тесла зертханасына Марк Твенді шақырады. Теслаға джентельмен клубынан таныс жазушының ас қорыту проблемаларынан зардап шеккені бәріне мәлім. Ғалым Твенге механикалық осциллятордың жұмысын сынап көруді ұсынады. Шамамен бір жарым минуттан кейін Твен платформадан секіріп түсіп, дәретханаға қарай жүгіреді. 

Марк Твен Никола Тесланың лабороториясында

Марк Твен Никола Тесланың лабороториясында

 

4) Тесла інжу тасты жек көретін. Тіпті інжу таққан әйелдермен сөйлесуден бас тартатын. Бірде ол інжу тасы бар әшекей тағып келген хатшы қызын үйіне жібере салған. Мұндай индиосинкризияның нақты себебі неден екенін ешкім білмейді, бірақ Тесла нағыз эстет еді және өзіне тән стильге ие болатын. Ол адам табысты болу үшін жетістікке жеткен адам секілді жүруі керек дегенге сенген. Әр кеш сайын ол кешкі асқа ақ перчаткада шығатын және костюмының сәнділігімен мақтанатын. Карлсон Тесланың әрбір суреті оның жағымды қасиеттерін көрсетуі міндетті болғанын айтады. 

Никола Тесла

Никола Тесла

 

5) Тесланың кітаптарды, суреттерді есте жақсы сақтайтын қасиетімен және жаңа өнертабыстарды миында сақтап жүре алатынымен танымал болған. Сонымен қатар, оның нысандарды бір көргенде оны толықтай елестете алатын қасиеті болған, бұл қасиеті арқылы ол нысандарды үш өлшемде көз алдына әкеле алатын. Бұл қабілеті оны бала кезінен қинап келе жатқан үрейлі түстерін бақылауға алуға көмектесті.

Тесла лабороторияда, 1910 жыл

Тесла лабороторияда, 1910 жыл

 

Карлсонның айтуынша, ол әсіресе танымал мәдениеттің мистикалық және эксцентрикалық кейіпкерінің жақсылығын көп көрген. Ол туралы айтылатын көп қауесеттің бірі оның жасөспірім кезінде тырысқақ ауруына шалдығып, өмірі қыл үстінде болғандықтан тазалыққа жанының құштарлығы жайлы.


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Пікірлер (2)

қайрат

Мегамозг қой бұл кісі

Мерей

война токов мықты фильм! Қарауға кеңес беремін. Осы кісілер туралы

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз