Журналист шеберлігінің ең бірінші қағидасы - тақырыпты дұрыс қоя білу. Тақырып қызықты болса оны ары қарай оқуға деген талпынысыңды ашады. Тақырыпты ұтымды қоя отырып, болған оқиғаны шынайы жеткізу - журналистің міндеті. Боямасыз шынайы жазылған мақала оқырманның көңілінен шығады. Журналистика мамандығы табандылық пен мінезділікті қажет етеді. Журналистер кез келген тақырыпта, кез келген жағдайда, кез келген проблеманы өзінің мақаласымен халыққа дәл әрі нақты жеткізеді. Журналист бойындағы ең мықты күш ол мінез. Табанды, қайратты журналист қана топ ішінде жарып шығады. Журналист - әлемде болып жатқан алуан құбылысты зерттеп, саралай алатын, оны жазбаша әдемі жеткізетін маман иесі. Журналист ол нағыз шығармашылықтың адамы. Қолынан барлық нәрсе келе алуы керек. Идея-журналист қаруының бірі. Идея келу арқылы ол өзінің шығармашылығын талай адамға паш ете біледі. Қәзіргі 21 ғасырда технология дамып, әлемді интернет жаулап алған заманда, кей журналистер өздеріне берілген міндеттерді дұрыс атқармайды. Үйіне отырып алып, ғаламтордан барлық мәліметтерді алып, жалған мен өтіріктің ала жібін ажыратпай жатып мақала жазып жариялайды. Халықта кімге сенерін білмей қалады көп жағдайда. Басқа бір адамның жасаған еңбегін ұрлап жазатын журналистер де көбейді.
Журналист міндеті - халыққа болып жатқан оқиғаны шынайы әрі нақты жеткізу. Халық пен билік арасын жалғаушы бұл мамандықтың маңызы зор. Журналист - барлық ортада өз орны бар тұлға. Ол керек кезде дәрігер, математик бола алады. Журналистке қойылатын талап қатал болғанымен, өз жұмысын мүлтіксіз, бар жүрегімен орындайтын маман иесі. Сонымен қатар журналист көп қырлы бір сырлы болуы маңызды. Өз саласының майталманы болу кез келген адамның қолынан келе бермейді. Сол сияқты журналистика маманы болу да оңай емес.
Сейдалы Тоқжан
2-курс студенті
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі