Өлең, жыр, ақындар

Мүгедектігі бар балалар балабақша кезегіне қалай алынады

ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Алтай Көлгінов Мәжіліс депутаттарының сауалына жолдаған жауабында мүгедектігі бар балалар балабақша кезегіне қалай алынатынын түсіндірді.

«ҚР «Педагог мәртебесі туралы» Заңына сәйкес ерекше білім беруді қажет ететін балалар, мүгедек баласы бар отбасындағы балалар мектепке дейінгі ұйымдардан бірінші кезекте орын алуға үміткер болып табылады. Мектепке дейінгі ұйымдардың үлгілік қағидаларына сәйкес (Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2022 жылғы 31 тамыздағы № 385 бұйрығы) мемлекеттік мектепке дейінгі ұйымдарда және мемлекеттік білім беру тапсырысы орналастырылған жекеменшік мектепке дейінгі ұйымдарда ата-ана баланың тамақтануына кететін шығынның 100%-ын төлейді», - деп жазылған жауапта.

Алтай Көлгіновтің мәліметі бойынша, Азаматтық авиация комитеті мүгедектігі бар балалар үшін сыртқы және ішкі рейстерге алған билет құнын ішінара субсидиялау мәселесін қарастыруы мүмкін.

«Мүгедектігі бар жолаушыларға ішкі және халықаралық рейстерге тұрақты негізде 50% жеңілдік беру мәселесіне келсек, азаматтық авиация саласындағы уәкілетті орган мүгедектігі бар жолаушыларға отандық авиакомпаниялардың ішкі және халықаралық рейстеріне жеңілдік беруді қаржыландыру мәселесі субсидиялау арқылы қарастыратын болады», - деп жазады вице-Премьер.


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз

Басқа да жазбалар