Өлең, жыр, ақындар

Таң қаларлық шындық: ДНК

Атақты атеист философ, профессор ағылшын Антони Флю 54 жыл мерзім ішінде өзі сабақ беретін Оксфорд, Абердин, Киле және Ридинг университеттері мен көптеген Америка мен Канададағы университеттерде пікір таластар, дәрістері және мақалалары, кітаптары арқылы атеизмді дәріптеді. Бірақ, Флю өткен күндерде бұл пікірінен бас тартқанын және әлемнің жаратылуы құдіретін мойындағанын айтты. Флю өмірдің негізгі тамырының саналы жоба екенін көріп, 66 жыл бойы қолдаған атеистік көзқарасының құлдыраған философия екенін қабылдады:

«Биологтардың ДНК зерттеулері өмір үшін қажетті реттеулердің комплексін анықтап, тіршіліктің негізінде сана бар болуы керектігін көрсетті. Алғашқы жанды нәрсенің жансыз нәрседен жетілгендігін және қалыптан тыс бір жандыға айналғаны туралы пікірдің орынсыздығына нақты түрде келістім. Әрине, адамдарға ықпал еттім, осы тұрғыдан тигізген зиянымды жойғым келеді және бұған күш саламын» (2005 ж).

Флюдің өз пікірін өзгертуіне себеп ретінде көрсеткен ДНК зерттеулері шынында да жаратылысқа қатысты керемет шындықтарды ортаға қояды. ДНК молекуасының спиральді құрылымы, генетикалық кодқа ие болуы, кездейсоқтықты теріске шығаратын нуклеоид тізбелері, білім жинауы осы молекуланың құрылымы мен қызметтерінің өмір үшін ерекше жобамен жасалғанын көрсеткен. ДНК зерттеулеріне қатысты ғалымдардың пікірлері осы шындықты растайды.

АҚШ-тағы Оңтүстік Калифорния университетінен Лед Адлман өзінің жасаған есептеулері бойынша тек 1 грам ДНК молекуласының 1 триллион компакт дискіге тең мәліметті сақтай алатынын көрсеткен.

Ғалым Гене Миерс былай дейді:

«Мені таң қалдырған тіршілік мүсіншісі. Жүйе жоғары дәрежеде комплекстелген. Дәл дизайн жасалғандай. Ол жерде үлкен ақыл бар…»


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз