Өлең, жыр, ақындар

Қазіргі заманғы ақпараттанудың құрылымы

Қызылорда көпсалалы Ұлағат Қызылорда колледжі
Беденкулова Молдир Нурлановна

Есептеуіш техника құралдарының эволюциясы электронды есептеуіш машинасының қолдану аймағының үздіксіз кеңеюіне себепкер болады. Заманауи қоғамда миллиондаған аналогты (үздіксіз əрекетті), сандық (дискретті əрекетті) жəне гибридті (аналогты-сандық) электронды есептеуіш машиналар (ЭЕМ) жұмыс істейді.

Аналогты электронды есептеуіш машиналар тоқ, кернеу, фаза, электромагниттік өріс кернеулігі, механизмнің бұрылу бұрышы жəне т.б. үздіксіз шамаларының айнымалы мəндерімен пайдаланылады.

Олар қажетті тез əрекеттікті қамтамасыз етеді, бірақ есептеудің жоғары дəлдігін жəне аз универсалдылықты қамтамасыз етпейді.

Сандық электронды есептеуіш машиналар екілік кодпен берілген ақпаратты өңдеуге арналған. Гибридті электронды есептеуіш машиналар аналогты жəне дискретті ақпараттарды өндіруге қабілетті жəне жоғары тезəрекеттік пен жоғары есептеу дəлдігіне ие.

Аналогты жəне гибридті ЭЕМ-дер шектеулі қолданысқа ие жəне негізінен əртүрлі моделдеу стендтерінің құрамында жəне техниканың күрделі үлгілерін сынау кезінде ғылыми-зерттеу мекемелерінде қолданылады.

ЭЕМ өзінің əмбебаптылығы үшін ғылым мен техниканың барлық салаларында кең тараған. Ресейдегі ЭЕМ теңдестірілген паркінің жасалуы күрделі ұлттық мəселе болып табылады, оның шешіміне ғылым мен техника салаларындағы жетістіктер өсімі, зияткерлік меншіктің жинақталуы ғана емес экономикалық тəуелсіздік пен мемлекет қауіпсіздігі де тəуелді.

Ақпараттық жүйелер мен технологиялардың дамуын келесі белгілер жиынтығымен сипаттауға болады:

- шешіліп жатқан мəселелердің күрделілігінің тұрақты жəне секірмелі өсуімен;

- қолданылатын ЭЕМ жүйелерінің, желілері мен санының айтарлықтай өлшемдік өсуімен;

- жүйелердің мақсатты бағыттылығымен жəне өзгергіштігімен;

- жүйелердің реалды объектілерге немесе адамдарға максималды жақындауымен;

- əмбебап ортақжүйелі өнімдердің, желілік жəне операционды платформалардың қолданылуымен;

- қуатты үлестірілген есептеуіш жəне ақпараттық ресурстарды ұжымдық қолданумен;

- ЭЕМ-ді көп-көптен жəне дербес қолданумен.

Заманауи АКТ өзінің қолданбалы қолданысын автоматтандырылған басқару жүйелерінде, ғылыми зерттеулерде, жобалауда, білім беруде, криминалистикада, сондай-ақ геоақпараттық, телекоммуникациялық, сараптамалық жүйелерде жəне т.б. табады. Ақпаратты тексттік жəне графикалық өңдеуде, тексттерді бір тілден екіншісіне аудару кезінде; анимация мен дауысы бар презентацияларды жасауда; экономикалық есептеулерді, қаржы операцияларын жүргізуде

ЭЕМ үлесі үнемі өсіп отырады. Есептеуіш жүйелердің көптүрлілігі олардың мəліметтер базасын интеграциялауды жəне компьютерлі желілер бойынша ақпараттардың тасымалдауын қамтамасыз ететін коммуникациялық орта негізінде бірыңғай ақпараттық кеңістікті жасау қажет етеді.

Бұндай интеграцияның біріктіруші технологиялық негізі алмасу үрдісін қағазсыз құжаттармен автоматтандыратын электронды құжаттар айналымы болып табылады. Электронды құжат айналымы бар автоматтандырылған басқару жүйелері ЭЕМ қолданысы президент пен үкімет жағдайлық орталықтарынан бастап кішігірім коммерциялық фирмаға дейін мемлекеттік, əкімшілік жəне жекеше қызметтердің барлық салаларына кіреді. Электронды құжат айналымы кез-келген басқару қызметінің эффективтілігін көтерудің негізіне айналды. Электронды құжат айналымы жүйелері қағаз құжатқа қолмен қойылған қолтаңбаға қарағанда электронды құжаттарға электронды сандық қолтаңбаны қолданудың құқықтық шарттарын қамтамасыз ететін 10.01.2000 бастап № 1-ФЗ «Электронды сандық қолтаңба» Федералды заңнамасына сəйкес жасап шығарылып қызмет жасайды.

Электронды сандық қолтаңба электронды құжатты оның жалған түрін жасаудан қорғайды, жəне куəландыратын орталықтарда берілетін арнайы авторлықты растаушы сертификаттарды қолданумен   ақпараттың криптографиялық түрлендіруі нəтижесінде жасалады. Куәландыратын орталықтар дамыған телекоммуникациялық инфрақұрылымды жəне ЭЕМ-де мəліметтерді құпиялау құралдарымен қорғалған есептеуіш комплекстер түрінде болады.

Қазіргі кезде дербес ЭЕМ базасындағы қорғалған электронды құжат айналымы министрліктер мен ведомстволарды, кəсіпорындарды (материалдық жəне қаржы ресурстары, технологиялық үрдістер), білім беруді (бірыңғай мемлекеттік емтихан) жəне т.б. автоматты басқару контурына енгізілген.

Бірыңғайланған аппаратты-бағдарламалық қажетті жəне жеткілікті құрамымен жəне дамыған кəсіби емес қолданушылардың эффективті жұмысын қамтамасыз ететін интерактивті графикалық интерфейсымен индивидуалды қолдану компьютерлері ДЭЕМ-ға жатады. ДЭЕМ-ның архитектурасы.

Мен бағдарламалық жасақтамасын жетілдіруіне қарай ұжымдық қолданылатын жұмыс станцияларын алмастыра отырып кəсіби қызметте жиірек қолданылуда.

Жоғары сенімді ЭЕМ қауіптілігі жоғары объектілерді: атомстанцияларын, ғарыштық аппараттарды (спутниктер, орбитальді жəне планетааралық станциялар) жəне т.б. басқаруға қатыстырылған. ЭЕМ дəстүрлі түрде машиналық уақыттың үлкен шығынымен өте күрделі есептеулерді жүргізуді қажет ететін ғылым мен техниканың барлық салалардағы ғылыми-техникалық зерттеулерді автоматтандыру үшін қолданылады.


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз