XX ғасыр кезінде қазақ халқының басына түскен ең үлкен ұлттық апат - Ашаршылық. Сол кездегі бүкіл әлемді жаулаған аштық Қазақ даласын да айналып өткен жоқ. Қаншама ананы баласынан, баланы ата-анасынан айырған жұт болды.
Қазақ даласында екі үлкен аштық ел есінде қалған. Бірі 1921-1922 жылдардағы ашаршылық болса, екіншісі 1930-1933 жылдардағы ашаршылық. Екі кезеңде де біз қаншама халықтан айырылдық. Қазақ даласы тіптен қаңырап қалды десек артық емес. Ашаршылық кезеңінде ең көп зардап шеккен Ауыл халқы болып есептелінді.
Ашаршылықтан қазақтардың үштен бір бөлігі ғана қалған деп те айтып жатады. Тәуелсіздігімізді алғаннан кейін аштық жылдары толық зерттеле бастады. Ал оған дейін, Ресейдің құрамында болғанымызда адам шығынын жасырып қалу үшін зерттеулерге тыйым салатын еді. Толық зерттеле бастады дегенімдей, әлі күнге дейін жаңа, тың мәліметтерді біліп жатырмыз.
Қорытындылай келе, сіздерге әр Қазақ көрсе, ерекше әсер алатын, 2022 жылы режиссёр Айсұлтан Сеитовтың ашаршылық жылдар туралы "Қаш" фильмінен алған әсеріммен бөліскім келіп отыр. Фильм ерекше әсер қалдырады. Осы күнімізге деген шүкіршілікті арттырады десем артық емес. Қазақ халқының қандай мықты халық екеніне көзіміз жетеді.
"Еліміз аман, жұртымыз тыныш болғай"
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі