Өлең, жыр, ақындар

Әнуар Жанғозин Назарбаев Зияткерлік мектептерінің Басқарма төрағасы болды

Әнуар Жанғозин «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ Басқарма төрағасы лауазымына тағайындалды.

Бұл туралы басқарма төрағасының өзі Facebook парақшасында жазды.

«Бүгін «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ Қамқоршылық кеңесінің шешімімен Басқарма төрағасы лауазымына тағайындалдым. Бұл ұйымда 15 жыл бұрын еңбек жолымды бастап, бірегей тәжірибе алу мүмкіндігіне ие болдым. Алған білімімді кейін түрлі мекемелерде қызмет атқару барысында қолдандым. Енді Зияткерлік мектептерді одан әрі дамытуға бағытталған жұмысқа кірісіп отырмын»,-деп жазды ол.

Сондай-ақ ол Қамқоршылық кеңес мүшелеріне және білім саласындағы ұстазым Күляш Ноғатайқызы Шәмшидиноваға осындай үлкен сенім білдірген үшін шынайы алғыс білдіретінін айтты.

«Әдеттегідей, атқарылып жатқан жұмыс нәтижелерімен және басқа да маңызды ақпаратпен өз парақшамда үнемі хабарлап отыруға тырысамын», - деді.


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз

Басқа да жазбалар