Өлең, жыр, ақындар

Стресс және дағдарыс. Стресс неден туындайды?

Стресс - қатты күйзелу, абыржу, ағзаның қиын жағдайларға қайтаратын жауабы. Стресс жалғыздық пен оқшаулық, уайым-қайғы, жақыныңнан айырылу секілді себептерден туындайды.

Дененің стресске қайтаратын жауаптары алуан түрлі болады. Олардың физикалық белгілерін қарастырайық.

Ең жиі кездесетін белгілер:бастың ауыруы, іштің ауыруы, иық пен арқадағы ауырлық сезімі, жүректің қатты соғуы, кіші дәретке жиі баруды қажетсіну, тәбеттің жоғалуы немесе артық тамақтану, ұйқының бұзылуы.

Егер сізде бұл белгілер жиі қайталанса арнайы мамандарға жүгінуге болады.

Және де стресстен толық қашып құтылуға болмайды, оның пайдасы да шамалы. Адам ағзасына белгілі бір стресс мөлшері қажет. Ол адамды қиын жағдайларға төтеп беруге бейімдеп, өз-өзіңді дайындауға көмектеседі.

Дағдарыс-кенеттен, мүлдем күтпеген жерден тығырыққа тірейтін жағдайлар мен оқиғаларға жауап қайтару.

Дағдарыс көбіне өткінші болады. Яғни бір қиын жағдайлардың салдарынан күйзеліске түсу.

Дағдарыс қауіп-қатер де тудыруы мүмкін. Ол сыртқы келбетке немесе ағзаның өзгерістеріне де әкеліп соғады. Дағдарыстың соңы стресске әкеліп соғады, ал кейде тіпті жаныңды ауыртады.

Стресс пен дағдарысты қалай жеңуге болады?

Стресс пен дағдарысты үнемі дерлік жеңуге болады әрі ол міндетті түрде бітеді. Оны жеңу үшін адам өзін жеке тұлға ретінде қабылдауы қажет. Дағдарыс кезінде достар мен отбасы мүшелерінің қолдауы өте маңызды. Сол себепті өз ішіңде болып жатқан сезімдер мен жағдайларды ішке тұншықтырмай, жақындарыңа айтып, бөлісу қажет. Кейде маманның көмегі қажет болады Осындай сәттер де немесе бір қиын жағдай туындаса, кеңес, көмек қажет болса, Жастар денсаулық орталығына қоңырау шалып, кеңес алуға болады. Қоңырау шалу тегін.

8-800-080-22-26

Пайдаланылған әдебиеттер:ата-аналар мен жастарға арналған қосымша ақпарат www zhastar.org сайты ата-аналарға ақпараттық қолдау көрсету www. teenslive.kz сайты

kk.m.wikipedia.org сайты

Баянбаева Самал


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз