Өлең, жыр, ақындар

Аида Давлетованың жарқын жеңісі

NIS халықаралық бакалавриат мектебінің 12-сынып оқушысы Аида Давлетова Республикалық пәндік олимпиадада География пәнінен алтын медаль иегері атанды. Жас олимпиадашыны тартысты бәйгеге дайындаған жетекшілері мен тренерлері Меруерт Омралина және Лаура Абдезимова.

Олимпиаданың мақсаты мен міндеттері – оқушының жеке тұлға ретінде өзін-өзі қалыптастыруда шығармашылық қабілеттерін дамыту, теориялық білім мен практикалық дағдыларын тереңдетуін жүзеге асыруына ықпал ету, дарынды балаларды анықтауға жағдай жасау, оқушыларды халықаралық олимпиадаларға қатысуға іріктеу және дайындау, сондай-ақ, Қазақстан Республикасындағы білім беру жүйесінің беделін арттыру.

Айта кетейік, Республикалық олимпиаданың қорытындысы бойынша NIS құрамасы қайтадан еліміздің ең үздік командасы атанды. Жаратылыстану-математикалық бағыттағы пәндерден республикалық олимпиаданың қорытындысы бойынша бесінші рет «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ құрамасы еліміздің «Ең үздік олимпиадалық командасы» деп танылды. 

 


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Жазбаға пікір жазуға рұқсат жоқ.


Қарап көріңіз