Адамдардың разылығын, игі дұғасын, батасын алуға тырысу керек. Ренжітуден, қарғыс алудан аулақ болған жөн. Дұға - қаза мен тағдырды өзгертеді. Бір игі дұғамен өмір жасы ұзаруы мүмкін. Ал қарғыспенен, әсіресе ата-ананың, салих туыстардың қарғысымен өмір қысқаруы мүмкін. Сондықтан аузымыздан шығатын сөздерге мұқият болғанымыз дұрыс. Аталарымыздың да «Жақсы сөз - жарым ырыс» деген даналық сөздері бекер емес.
Убайдуллаһ Ахрар (құддиса сирруһ) хазрет өте кішіпейіл адам еді. Кіммен кездессе де, міндетті түрде одан дұғасын, батасын сұрайтын. Өзінің айтып бергені:
Үлкен, кіші, құл, қожайын кімді көрсем де, оны танымасам да: «Маған дұға етші!» деп жалынатынмын. Егер дұға етсе, қуанғанымнан төбем көкке жететін. Бір күні басымнан мынадай жағдай өтті:
Анамыздың өнімді, құнарлы егіншілік жері бар еді. Анам егіннен бидай орып алған кезде менің үлесімді де жіберетін.
Бір жылы әдеттегідей үлесімді жіберген еді. Мен ол бидайды қоймаға апардым. Қайтып келгенімде бидайды әкелген кісі кетіп қалыпты. Не үшін оның дұғасын алмадым деп қатты өкіндім, жыладым. Артынан жүгіріп жетіп:
— Маған дұға етші! Бәлкім Раббым сенің дұғаңмен мені кешірер және менің жағдайым сенің дұғаң арқылы түзелер, — деп жалындым. Ол таң қалып:
— Сен не айтып отырсың? Мені басқа біреуге ұқсатып жатқан боларсың, — деді.
— Жоқ, бәрі дұрыс. Маған дұға етші, — дедім. Ол тағы да таң қалып:
— Мен сауатсыз адаммын. Тіпті бетімді дұрыс жууды да білмеймін. Бірақ сұрадың ғой, қолыңды қайтармайын, саған бір дұға етейін,-деді. Қол жайып: «Йа Раббым, Мына жігіттің көңіл көзін аш!», — деп шын көңілмен дұға етті. Дұғасының қабыл болғанын әлі сезініп келемін.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
- Джон Максвелл
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі