Жасы үлкен ата мен оның немересі үйдің алдында ырсылдап, алпарысып жатқан екі итке қарап отырыпты. Иттердің біреуі ақ, екіншісі қара. 12 жасар немере өзін білгелі осы иттер үнемі атасының үйі алдында алпарысып жататын. Атасы көзін алмай қарайтын ірі иттер еді бұлар.
Немере:
- Ата, иттеріңіз соншалықты үлкен - үйіңізді қорғауға біреуі де жетер еді ғой, неге екеуін ұстайсыз? Ал түстері ше - неге біреуі ақ, екіншісі қара болуын қаладыңыз? - деп сұрады атасынан.
Жасы 70-ке жеткен ата немересіне күлімдеп қарады да:
- Ол иттерім - мен үшін екі таңба, балам.
- Ненің таңбасы?
- Жақсылық пен жамандықтың. Тура осы иттер ұқсап, ішіміздегі жақсылық пен жамандық үнемі күресіп жатады. Иттерге қараған сайын соны ойлаймын. Сол үшін оларды қасымда ұстаймын.
Кішкентай бала, күрес болса онда жеңген мен жеңілген де болуы керек деп:
- Қалай ойлайсыз, осы күресті қайсысы жеңіп шығады екен?
Атасы балаға қүлімдеп қарап:
- Қайсысы дейсің ба, балам? Мен қайсысына көп тамақ берсем - сол!
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Омар
Жақсы итіміздің асы көп болсын
Динара
Денеге азық керек болғандай, рухани азық та керек