Өлең, жыр, ақындар

Кіршіксіз Рамазан айы

Қасиетті рамазан айына да аман-сау жеттік. Рамазан айы шүкіршілік айы,сабыр айы және тақуалық  айы. Ұлық айға аман-есендікпен жеткеннің өзі үлкен нығмет. Жаратқан Иеміз баршамызға осы айдағы жауапкершілікті лайықты түрде атқаруға медет беріп, жәрдем еткей.

Бұрынғы мұсылмандар осынау мүбәрак аймен қимай қоштасып, ал келесі жылы құдды қырық жыл көрмеген қонағын күткендей құшақ жая қарсы алады екен. Өйткені бұл ай әрбір жанға мейірімнің бір сынығын сыйлайтын сауабы мол маусым. Ендеше сол үмбеттің жалғасы болып табылатын кейінгі ұрпақ біз де Ұлы Рахманнан ұлық рамазан айының берекесін тілейміз. Мейірім маусымының исі мұсылманға игілікті болуы адам баласына берілген үлкен сыйдың бірі. Ораза-Алла мен адамның арасындағы риясыз құлшылық,тек Раббымыздың разылығын көздейтін ұлық ғибадат. Рамазан-рухани жаңару айы. Алланың адам баласына берілген шексіз нығметі,теңдессіз сыйы саналған ораза-күнәға бетпе-бет келуден сақтайтын,мінез құлқымызды,рухани дүниемізді жақсылыққа тәрбиелейтін,рухани түлеп,тазаратын ай. Иман жолы сабырлық пен тақуалықты талап етеді. Ал,ораза нағыз,шынайы тақуалық пен сабырлыққа жетелейді. Дәл осы сауабы мол айда Дінтану және Мәдениеттану кафедрасы мен “Нұр” клубы бірлесе отырып студенттер мен мүмкінділігі шектеулі жандарға ауыз ашар ұйымдастырылды. Ауыз ашар барысында студенттер арасында,діни бағыттағы көптеген сауалдар қойылып,жауабын тапқан қонақтарға діни бағалы заттар берілді. Сауалдар барысында Исламның шарттары мен Ардақты Пайғамбарымыз Мұхаммед (с. а. с) өмірбаянынан сауалдар қойылды. Ауыз ашардан кейін студенттер «Рухорда» діни мәдени медресесімен және мұражаймен танысты. Мұражайда мыңжылдық тарихы бар кітаптар мен құнды заттарды тамашалап қайтты. Осындай сауабы мол кешті ұйымдастырған кафедра меңгерушілері мен ұстаздарымызға және ауыз ашарға ұйытқы бола білген,мұражайдың жетекшісі, аға оқытушы Жүзей Мырзахмет ұстазымызға ерекше алғысымызды білдіреміз.

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті 

Дінтану және Мәдениеттану кафедрасының 3-курс студенті Олжахан Шұғыла

Жетекші:аға оқытушы,phD доктор Мұқан Нұрзат.


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз