Өлең, жыр, ақындар

ҚазҰУ-да ІІ Халықаралық Фараби Форум өтті

Сәуір айының 4-5 күндері аралығында Алматы қаласындағы Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінде Фараби орталығының 30-жылдығына орай ұйымдастырылған «ТІЛ ФИЛОСОФИЯСЫ ЖӘНЕ ӘБУ НАСЫР ӘЛ-ФАРАБИ ФИЛОСОФИЯСЫНЫҢ ТІЛІ» атты ІІ Халықаралық Фараби Форумы өткізілді. Халықаралық Фараби форумы – адамзаттың ұлы ойшылы  әл-Фараби мұрасын кеңінен зерттеу мен таратуға ықпал ететін айтулы шара. Форумның негізгі мақсаты – фарабитанышулардың басын қосып, жүргізілген зерттеулерді саралау және әл-Фарабидің кең мұрасы арқылы қазіргі қоғамның өркендеуінің рухани, тарихи және философиялық негіздерін тереңінен түсіну. Форум жұмысын Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің Басқарма төрағасы-Ректоры Түймебаев Жансейіт Қансейітұлы құттықтау сөзімен ашты. Форумның ашылу салтанатында Сирияның Қазақстандағы құрметті консулы Самир Дерех, Л.Н. Гумилев атындағы Еуразиялық Ұлттық Университетінің Профессоры, Фарабитанушы Төлеубаева Самал Абайқызы (Астана), Нұр-Мүбарак Египет Ислам мәдениеті Университетінің Ректоры Аль-Джинди  Мухаммад аш-Шаххат (Мысыр), Иран Ислам Республикасының Алматы қаласындағы Бас консулы Мохсин Фагани, Өзбекстанның Алматы қаласындағы Бас консулы Фатхуллаев Аброр және т.б. құрметті қонақтар өздерінің құттықтау лебіздерін білдірді. Форум жұмысына Қазақстандағы шетелдік консулдар, шет мемлекеттердегі Фараби Орталықтарының ғылыми қызметкерлері, фарабитанушылар, Өзбекстан, Түркия және т.б. мемлекеттерден жас ғалымдар ат салысты. Форумға қатысушылар ғылым мен білімнің интеграциясы, қазіргі қоғамның рухани-адамгершілік және зияткерлік мәдениетін жетілдіру жайлы кең ауқымды өзекті мәселелерді талқыға салды.

Екі күнге созылған халықаралық іс-шара аясында пікірталас алаңдары мен дөңгелек үстел жұмыстары ұйымдастылырып, философиялық эссе және «қазақ философиясының өзектілігі» атты бейнероликтер байқауы өткізілді.

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ
Философия және саясаттану факультеті
Мәдениеттану мамандығының 2 курс магистранты Сатыбалдина Аружан
Ғылыми жетекші
Философия ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор Мейрбаев Б.Б.


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Жазбаға пікір жазуға рұқсат жоқ.


Қарап көріңіз