Ғарышқа ұшарда кандидаттың біріншіден төзімі, жылдамдығы, ептілігі сыналады. Бағдарламада үш жарым минутта 1 шақырымды жүгіріп өту, белтемірге 14 рет тартылу, батутта 360 градуста айналып секіру сынды жаттығу түрлері бар. Бұл дайындықтың аз бөлігі ғана. Ұшақта, пойызда басыңыз айналатын болса, ғарышкер болуға жарамайсыз. Бір сөзбен айтқанда, кандидаттың вестибулярлы аппаратында кем-кетік болмауы қажет.
Психологиялық әлеуетіне, үміткердің темпераментіне қатысты нақты талап жоқ. Меланхолик немесе холерик типіндегі кандидаттарды ғарыш сапары еркелете қоймайды. Кей жаттығулар екі жылдық дайындық бағдарламасына кіреді. Бұған қоса 150-ге тарта емтихан мен сынақ бар. Экипаж құрамы кандидатты бекітсе, 18-24 айға дейінгі уақыт алғашқы ғарыш сапарына бағдарлама бойынша әзірленуге жұмсалады.
Дайындықтың көп бөлігі аспан денелері мен ұшу динамикасын, борт жүйесі мен ғарыш құрылғыларын зерттеуге кетеді. Парашютпен жасалатын жаттығулардың маңызы жоғары. Жерден 1200 метр биіктікте парашютті ашудың да өз құпиялары бар.
Ең қызық та күрделі процестердің бірі — ғарышкердің Халықаралық ғарыш станциясын зерттеуі. Станция ішіндегі жаттығулар әртүрлі, жылдамдатылған немесе баяу режимде өтуі мүмкін. Бағдарлама аясында ғарыш станциясының шетелдік сегменттерін, нақтырақ айтқанда, америкалық (NASA), еуропалық, (EKA), жапондық (JAXA) модульдерімен танысу үшін түрлі іссапар ұйымдастырылады.
Оқуға кеңес береміз:
Ғарышқа ұшу туралы 8 қызықты дерек
Ұзақ ұсталыммен түсірілген ғарыштық фотолар
Ғаламшар көрінісі - Хаббл телескобы көмегімен
ҒЗК мұрағатынан алынған «МИР» станциясының суреттері
НАСА 60 жыл ғарышты зерттеп, тамаша фотосуреттерді жария етті
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
- Джон Максвелл
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі