Өлең, жыр, ақындар

Костюм

Костюм дегеніміз не? Костюм бұл адамның қай этносқа жататынын көрсетеді. Костюм бір этностан екіншісіне ғана емес, алқаптарды да ерекшелендіреді. Қазақтар әртүрлі климаттық аймақтарда, әртүрлі аумақтарда және халқы әртүрлі жерлерде тұрады. Сондай-ақ, костюм басқа елді мекеннің киімінен өзгеше болды. Әр адам жолда өзі кездестірген адамның киген киімінен кімді кездестіргенін біліп тұрған : бұл өзі тұратын аймақтан ба әлде басқа жерден бе, ол қандай жерден, қаншалықты алыс тұрады. Бұл костюмді көрсететін бірінші және ең маңызды нәрсе. Екінші және өте маңызды ол жыныс. Бұл әсіресе Орта Азияда айқын көрінген, өйткені еркек адамға белгілі бір жас санаттарындағы әйелдерге қол тигізуге рұқсат етілмеген. Қазақтар арасында дәстүрлі мәдениетте жастар мен қыздардың жиі кездесулері өткізіліп, психологиялық қарым-қатынас өте тығыз болған.

Костюм жас ерекшеліктерін көрсетеді. Ерлер үшін бәрі әлдеқайда қарапайым: балаға арналған костюм бар, жасөспірім жігітке арналған костюм бар, той костюмі бар, ол мүлдем басқаша, содан кейін ер адамдар бірдей дерлік киінген. Олар тек түсі бойынша ғана ерекшелеген.

Костюм адамның және ол өмір сүретін қоғамның дүниетанымын белгілейді. Ол кезде адам дүниенің схемасы ретінде қабылданатын. Бас – жоғарғы әлем. Әйелдердің бас киімдеріне құс кейіпкерінің аты берілген.  Адам денесі – ортаңғы дүние. Иықта, белде киетін киімде ортаңғы дүниеде көретіннің бәрі бейнеленген. Бірақ Орталық Азияда жануарларды бейнелеуге тиым салынды. Киімде символизмді бейнелеу дәстүрі болды. Барлық әлем халықтарының шамамен бірдей символизмге ие екендігінің белгісі – алты бұрышты жұлдыз. Ер мен әйелдің қосылуының символы. Еркек үшбұрыш жоғары қарайды, ал әйел үшбұрыш төмен қарайды. Ал аяқ киімде төменгі әлем бейнеленген.

Костюм әлемнің жас санаттарына бөлінуін өте байсалды түрде көрсетеді: бала дүниеге келгенде, ол бұл әлемге жатпайды деп есептелінген. 40 күнге дейін бала басқа әлемнен келді және оны жаңа әлемге бейімдеу керек деп есептеген, сондықтан оны киіндірмей жай ғана матамен орайды. 40 күннен кейін балаға бірінші жейде киіледі. Бес жасқа дейін бала шалбар кимейді, өйткені ол кезде адамдар киімді бүлдіргісі келмейтін және бала кірлеп тастамас үшін шалбар кигізбейтін. Бес жастан бастап баланы әкесі өз қолына алады, өйткені ол уақытқа дейін бала әйел адамдардың бақылауында болған.Әкесі баласына қолөнерді үйретеді, жануарларды күтуді үйретеді, мал бағуды және  т.б.  5 жасында қыздың костюмі мен ұлдың костюмі болып бірінші бөлінді. Жігіттің жейдесі қысқартылып, шалбар мен ерлердің халаты пайда болды, бірақ қызға халат кимеді.

Үйленуге киетін костюм барлық халықтар арасында үлкен рөл атқарды. Қалыңдықтың бас киімі өте ұзын, биікке көтеріліп тұрған. Әйел аспанға ұмтылғысы келген. Ондай бас киімдерді бала дүниеге әкелгенге дейін таққан. Бала дүниеге әкелген әйел шашын еркекке де, әйелге де көрсетпеген, денесін барынша кең киімдермен жауып жүруге тырысқан. Бұл кезеңнен өткен әйел яғни үлкен кісі болғанда шашты көрсеткен бірақ шашын екі өрімге өріп жүрген. Шаштары ағарған апалар шаштарына ешқандай әшекей-бұйым тақпаған.

Дәстүрлі  киім қазіргі өмірімізбен тығыз байланысты. Киім кигенде адамдар өз ерекшеліктерін көрсеткісі келген кездің өзінде дәстүрдің төңірегінде істеуге тырысады. Қаншама ғасырлар өтсе де біз өмір сүріп келе жатқан мәдениеттің мұрагері болып қала береміз. Өйткені біз оны өзімізбен алып жүрміз.

"Мәдениеттану" мамандығының 1-курс студенттері Жамбыл Арайлым, Әріпбек Диана

т.ғ.к., аға оқытушы Жұмаділ М.Т.


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Жазбаға пікір жазуға рұқсат жоқ.


Қарап көріңіз