Балаларға арналған тақпақтар жинағы

Басты бет / Оқушыларға пайдалы ақпараттар / Мұғалімдерге пайдалы ақпараттар / Балаларға арналған тақпақтар жинағы

Балаларға арналған тақпақтар жинағы — Мұғалімдерге пайдалы ақпараттар тақырыбындағы материал. Мұнда тақырыпқа қатысты негізгі мазмұн, түсіндірмелер және пайдалы деректер берілген.

Қуыр, қуыр, қуырмаш

Қуыр, қуыр, қуырмаш
Қуыр, қуыр, қуырмаш,
Мен айтайын қолыңды аш!
Мынау тұрған бас бармақ,
Жұмыс содан басталмақ.
Алақанның тұңғышы
Болсын осы жылқышы.
Балаң үйрек жанында,
Бейім сиыр бағуға.
Ортан терек - ұзыны,
Түйе бақсын, қызығып!
Шылдыр шүмек - бұл саусақ,
Қой бағуды тұр аңсап.
Титтей бөбек-шынашақ,
Сен дайында жер ошақ.
Білекке енді барайық,
Онда не бар табайық:
Мына жерде күн болар,
Мына жерде түн болар.
Мына жерден ай шығар,
Мына жерден май шығар.
Бәрін айтып болдық па?
Келіп қалдық қолтыққа!
Қытық, қытық, қызық-ай,
Міне, өрік, міне, май!
Қуыр, қуыр, қуырмаш,
Бидай салам, қолыңды аш.
Төгіп алмай, күлем деп,
Балапанға барып шаш!

* * *     * * *     * * *     * * *

Алма жинап бөлісті

Алмас, Асан келісті,
Алма жинап бөлісті.
Арасында бір алма,
Айтыс болды бұларға.
Асан берсе, алмасы
Үштен бірі кем болар.
Алмас берсе, алмасы
Асанның да тең болар.
Алма санап көріңдер,
Екіге тең бөліңдер.

* * *     * * *     * * *     * * *

Қажетті сілтемелер (қарап көріңіз):

Отбасы туралы мақал - мәтелдер

Туған ел, отан туралы өлеңдерңдер

Туған күнге арналған тілектер



WhatsApp Telegram

Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы тақырыпқа қатысты басқа материалдар

Мұғалімдерге пайдалы ақпараттар бойынша басқа мақалалар тақпақ бойынша мақалалар балаларға арналған тақпақтар бойынша мақалалар балабақшаға тақпақтар бойынша мақалалар тақпақтар бойынша мақалалар