Отбасы - адам өміріндегі ең басты құндылық. Кез-келген сәби дүниеге келгеннен сәттен бастап отбасыны, қамқор ата-ананы қажет етеді.
Бүгінде бәріміз отбасының маңыздылығын және оның біздің өмірімізге қалай әсер ететінін біле бермейміз. Шын мәнінде, адам баласының ұлы байлығы – ол отбасы. Неліктен адам өмірінде отбасы маңызды рөлді атқарады?
Біріншіден, біздің тұлға ретінде қалыптасуымызда отбасымыздың атқаратын рөлі өте үлкен. Яғни, біздің өмірге деген көзқарастырымыздың және тұлға ретінде қасиеттеріміздің қалыптасуы ата-ана тәрбиесінен басталады. Ата-ана балаға жақсы тәрбие бере алған кезде ғана, оның бойында ең жақсы қасиеттер қалыптасады. Осы орайда, менің ойымша біздің адамгершілігі мол, жақсы адам болуымыздың кепілі – ата-ананың беретін игі тәрбиесі.
Екіншіден, адамның түрлі сфераларда жетістіктерге жетуі - ол ата-ананың және отбасы мүшелерінің қолдауы. Дәл сол секілді, өмірімізде түрлі сәтсіздіктер мен қиындықтарға тап болған кезде отбасыңның жанында болып, қорған болуы өте маңызды.
Үшіншіден, отбасы бізге жылулық, жайлылық, тыныштық сыйлайды. Қалай дегенмен үйде бізді жақсы көретін, түсінетін, қиын жағдайда қол ұшын созатын адамдар қоршайды.
Төртіншіден, отбасындағы қалыптасқан сыйластық, сыпайылық басқа адамдармен жақсы қарым-қатынаста болуымызға әсер етеді. Тағы қосарым, ата-ана беретін тәрбие, үлгі, насихат, отбасындағы адамдардың өзара қарым-қатынасы болашақта өз шаңырағымыздың жақсы не жаман болуына себеп болады.
Жоғарыда айтылған факторлар саны жағынан аз болуы мүмкін, бірақ біздің өмірімізде - отбасы құны өлшенбейтін бақыт. Әр адамға отбасы қажет. Әрбір адам махаббатқа, жақсы тәрбиеге,сүйіспеншілікке лайықты. Сондықтан да, бізге әрқашан қорған бола алатын отбасымызды сыйлайық.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі