Олжабай батыр жалпақ жауырынды, орта бойлы, қалың қабақты, кішіпейіл және сабырлы болған дейді. Батыр қанша жаужүрек болса да, ашу-ызаны, қайнаған кекті әрдайым ақылға жеңдіріп отырған.
1741 жылы Абылай мен Өтеген батыр аң аулап жүріп, қапыда жоңғарлардың қолына түседі. Қазақтың би, батырлары кездесіп, ханды қайтаруға жіберген қолды басқарушылардың бірі Олжабай батыр болған. Екі жақ бетпе-бет келген ұрыста ол жаудың атақты батыры Шарышты жекпе-жекте байлап алады. Батырдан қайтарып қалмақ жерінде Олжабайға қарсы Қалден Сереннің өзі шықпақ болады. Олжабай жекпе-жекте Қалден Сереннің мылтығын атып түсіреді. Дәл осындай мергендікке таң қалған қоңтайшы райынан қайтып, батырға алтын жабдығымен ат мінгізеді. Абылайды қайтарады. Олжабай Шарышты босатады. Олжабай қазақ жерін жоңғар-қалмақ басқыншыларынан азат ету күресінде елге ерлігімен танылған батыр, қолбасы болған. Оның ерлігінің ерекше көрінетін жері — Баянауыл баурайындағы қалмақтармен болған шайқасы. Осында Олжабай жиені Жасыбаймен бірге қалмақтардың жолын тосып жатады. Жасыбай жасағымен Шойынкөлге өтетін асудың аузында, Олжабай Торайғыр көліне өтетін асудың аузында жатып, жау қолын күтеді. Бұлардың жол тосып жатқанын қалмақтар да біліп, қапысын тауып, Жасыбай қолына тосыннан келіп тиіседі. Жасыбай осы шайқаста қаза табады.
Мұндай жағдайдан хабар алған Олжабай көмекке ұмтылады. Ол жауды қоршап алып, таудың бір қуысына тығып қойып қойдай қырады. Сонда Олжабайдың сұсын көрген жолдасы Төртуыл Баймұрат батыр:
— Енді сен дем ал, мұнда саған қарсы келер ешкім қалған жоқ. Қалған-құтқаны болса, маған сауға бермейсің бе? — деп, атының сулығынан ұстағанда, Олжабай:
— Жасыбайдың бір бармағының да құны толған жоқ қой, — деген екен күрсініп.
Батыр осылай жойқын көштің соңында сарпылып жүргенде суық тиіп, сол сырқаттан айыға алмай, мәңгілікке айналады.
Оқуға кеңес береміз:
Сүйіндік Олжабай батыр ертегісі
- Джон Максвелл
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі