Ымырт үйіріле бере ұзын бойлы, ақ сақалды, ірі денелі кісі бірнеше жолдасымен аттан түседі. Алдынан шыққан бәйбішесіне:
— Біздің үйге Сатай батыр келген-ау деймін? — депті.
— Кім екенін білмеймін, бірақ «қасиетті адам екен-ау» деп ойладым.
— Оны неге байланысты айтып отырсың?
— Үйге кірген соң, аппақ қалпағы мен ақ қамшысын керегенің басына іліп қойды да:
— Әппақ қардай таза болыңдар,
Асқар таудай заңғар болыңдар.
Жолыңда ақ гүл жатсын,
Ақ бесікте ұл жатсын,
Әумин! —
деді. Тездетіп шай дайындап едім:
Қарағым, ең үлкен дәм — ақ. Ағарғаның жоқ па? — деді.
Оқуға кеңес береміз:
- Джон Максвелл
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі