Аралбай батыр XVIII ғасырдың 40-жылдары мың сарбазды бастап, Талас өзені бойында қалмақ шеріктерімен соғысып, ірі жеңіске жетеді. Бір күні Сары Манжаның түмені Анырақай тұсынан өтпей-ақ Аралбай бастаған сарбаздар қуып жетті. «Соңымыздан қаншалықты қуар дейсің, қалжырар» деген оймен жүре соғысып, қалмақтар Шуға да жетті. Осы жерде түменбасы қулық жасап, түменді екіге бөлді. Жартысын қуып келе жатқан қазақтардың алдын алуға қалдырып, жартысын өзі бастап өзенге беттеді. Сұрапыл соғыста Аралбаймен бірге Сатай, Бөлек, Балпық, Қараш, Тауасар батырлар керемет жанқиярлықпен шайқасты. Түс ауа жоңғар қолының қатары сиреп қалды. Неге екені белгісіз, майданды тастап кетпей сілкілесе берді. Сары Мажаның қулығын Аралбай енді түсінді.
... Су үзеңгіден асса да, ат омыраулап, алға ұмтылып келеді. Сөйтіп келе жатқанда, арғы жағадағы қалың қамыс арасынан ойламаған жерден жау жағы зеңбіректен оқты гүрсілдете жаудырады. Лезде-ақ бірнеше адам ат-матымен суға шөгіп кетеді. Аралбаймен бірге өткендер қамыс арасынан зеңбірекшілерді тауып алып, қылыштап тастады. «Зеңбіректің дауысы енді өшті» деп жатқанда, әріректен тағы зеңбірек оғы атылды. Ол аз дегендей, оң бүйірден қалмақтың қалың қолы айғайлап шыға келді. Осы жерде Аралбай батырға зеңбірек оғының жарықшасы тиді. Сатай мен Бөлек Аралбайды екі қолтығынан сүйеп алдағы жағаға алып шықты. Зеңбірек оғының жарықшағы бірнеше жерінен тиген Аралбай батыр түн ортасында жан тәсілім етті. Алды-артын қоршаған қалың жаудың ортасында қалған қазақ қолы Аралбай батырдың сүйегін елге апаруға мүмкіндік болмай, қаза тапқан орға түні бойы жерін қазып, сол жерге жерлеп кетті.
Айбарлы Аралбай әрі елші, ел үшін, ұрпақ үшін жалғыз жанын осылай қиып, туған жеріне, еліне, отбасына жете алмай, қырық жасында қыршын кетті. Ел арасындағы әңгімеге қарағанда, Аралбай батыр сөзге шешен, алды-артын байқап сөйлейтін ойшы да, ұтқыр адам болған екен.
Оқуға кеңес береміз:
- Джон Максвелл
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі