Әл Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті
Дінтану мамандығының 4 курс студенті Жаксылыкбаева.А.К
Жетекші аға оқытушы Тунгатова У.А.
Әрбір мемлекеттің діни білім беру жүйесінің қалыптасуындағы басымдықтарды бірінші кезекте мемлекет құрушы ұлттың діни қатыстылығы айқындайтыны белгілі. Мұсылман қазақ ұлтының отаны – Қазақстандағы діни білім беру жүйесі соңғы жүзжылдықтарға дейін бірыңғай ислами арнада дамыды. Қазақстандағы ислами білім беру жүйесінің ерте орта ғасырлардан басталған мың жылдан аса тарихы мен тәжірибесі бар. Ең алғашқы ислами орта оқу орындары болған медреселердің араб жерінде емес, Түркістан өлкесінде пайда болғаны тарихтан белгілі. Мұның басты себебі тілдік фактордың әсері болып табылады. Мұсылмандықты қабылдаған түркі халықтары үшін ислам дінінің негіздерін үйрену, шариғат заңдылықтарын түсіну, зерттеу, тарату талпынысын араб тіліндегі Құран Кәрімді, Мұхаммед пайғамбар хадистерін, исламдық мәтіндерді игеру арқылы ғана жүзеге асыру мүмкін болып табылатын.
Дінтану ғылымында адамның діни өмірі басты назарға ие. Оны зерттеу секулярлық дәуір феномендерін (жаратылыстану ғылымында қарастырылатын құбылыс немесе оқиға феномен ретінде түсіндіріледі) қарастыру жолдарын осы кезеңде қайта пайымдауды талап ететін белгілі бір қиындықтар тудырады. Діни сенім діндердің өз ішінде түрлі ағымдардың араласуына алып келетін трансформацияға ұшырайды, осы секілді діндер үшін қаржы мәселесі бірінші орынға шығады. Бұл діни ахуалға талдау жасауда, оны болжауда жекелеген қиындықтардың тууына негіз болады.Дінтану ғылымы қоғам мен мемлекеттің дүниетанымдық сұраныстары нәижесінде қалыптасты. Мысал ретінде кейбір елдерде ғылыми-философиялық әдістердің орнына саяси секуляризм феномені қолданылғанын айтуға болады. Бұл дінтану ғылымын субъективті көзқарастармен шектей тұрғанымен, оның дамуына да белгілі бір дәрежеде ықпал етті.
Дінтану пәнінің отандық мамандар жетіспейтін жекелеген оқу бағдарламаларын оқыту үшін қазір шетелден мамандар шақыру үдерісі жолға қойылған. Халықаралық тәжірибе алмасу және білім курстарының мазмұнын байыту тұрғысынан бұл үдеріс өте маңызды. Дегенмен шақырылатын маманның мемлекеттік немесе орыс тілін игермеуі, аудиторияның ағылшын тіліне жетік болмауы салдарынан оқу үдерісінің созылмалы сипат алып, қиындықпен игерілуі өзіндік салдарлар туындатуда.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі